Құқық қорғау органдары

Нашақорлар жиналатын екі орын жабылды

 

5 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде тұратын отағасы есірткі қолданады. Көршілерінің айтуынша, Алексей мен Светланаға өздері сияқты нашақорлар жиі жиналып тұрады екен. Азаматтық некедегі екеуінің бес жастағы баласы бар, қазір оларды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралуда. Бала болса кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленуде. Алексей бұрын сотталған. Есірткі қабылдап жүргеніне 20 жылға жуықтаған, соның ішінде синтетикалық “Қолтырауынды” бір жыл бойы қабылдайды. Жұмабаев көшесіндегі Андрей есімді тұрғынның үйін де нашақорлар босатпайды екен. Оның досы Игорь есірткіні 20 жылдан астам қабылдайды. 45 жастағы ер адамның үш баласы бар, бұрын кәсіпкер болған. Енді нашақор, оған қоса өте қауіпті ВИЧ және туберкулезге шалдыққан.

  Игорь:

-Денсаулығымнан айрылдым. Жастарға айтарым: салауатты өмір сүріңдер. Есірткіден аулақ болыңдар. Бұл ми батпаққа түсу оңай, ал шығу өте қиын.   

Полицейлер қоғам дертімен бірлесіп күресуге шақырады. Егер де есірткіге қатысты ақпарат білсеңіздер, 39-41-93 сенім телефонына немесе 102 номеріне хабарласуға болады.

Данаш Хамзина