Балалар

Мектеп жанындағы алаңда – көңілді демалыс



 

Қызыққа толы балалық шақтың көңілді күндері әсіресе жаз мезгілімен байланысты. Көптен күткен жазғы демалыстарына шыққан  жеткіншектер оны қызықты етіп өткізіп жатқан сыңайлы. Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының “Сәлем, жаз!” деген атаумен ұйымдастырған концертін көруге тәрбиеленушілерін ертіп әкелгендердің бірі – Айжан Қапезова.

Айжан Қапезова, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:
-Балалар сауықтандыру алаңдарына жиналып жатыр.
Мектепте 5 топ жұмыс істейді бастауыш сыныптары аралығында. Бізде осы сауықтандыру алаңында тамақтандырылады, балалар қандай да болсын іс-шараларға белсене қатысады.

Барлығы облыстағы жалпы білім беретін мектептерде 601 сауықтыру алаңдары жұмыс істесе, олардың 41-і Петропавл қаласында екен. Бүгінгі концерт барысында   би көріп, әсем ән тыңдаған бүлдіршіндер жазғы демалыстарының қызықты өтіп жатқандығын айтады.

Мен концертті жақсы көремін. Балалар мен қыздар өте әдемі билейді.
Біз сауықтандыру лагерінде жүрміз. Біз онда денемізді шынықтарамыз, логикаға арналған есептер шығарамыз. Ойындар ойнаймыз, тамақ ішеміз.
Маған жаз ұнайды. Мен жазда суға түсемін, дем аламын, күнге күйемін.

Сонымен қатар, балалар жазғы демалыстарын сауықтыру лагерьлерінде де өткізе алады. 19 лагерде 14450 баланы сауықтыру жоспарланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге артқан.

 Әлия Ешкеева, облыстық білім басқармасының бас маманы:
-Барлық алаңдарда қызықты үйірмелер жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар қазақ тілі мен ағылшын тілін үйрететін жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастыруды да жоспарлап отырмыз. Ата-ана қамқорынсыз қалған, көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған жанұялардан 1000-ға жуық оқушы Ақмола облысында орналасқан «Арман» орталығына дем алуға барады.

Жазда сауықтыру және демалыс лагерьлерінде жалпы балалардың 86 пайызы дем алмақ. Бұл республика бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.

Әспет Әбдірешова