Мәдениет

Бүгін – Александр Пушкиннің туған күні

 

 

Маусымның 6-сы – Александр Пушкиннің туған күні. Ақынның аты ұмытылмақ емес. Драматург әрі прозашы, зерттеуші әрі философ қалдырған әдеби мұра 2 ғасыр аттап, бізге де жетті,келешек ұрпаққа да қалады. Василий Коноплев ұзақ жылдар бойы Пушкинді зерттеп жүр. Әлі тауысар емес. Өйткені, ақын әлемі кең, түбі шексіз терең.

Василий Коноплев, ақын,жазушы:

-Александр Сергеевич Пушкин бізді басқаша ойлауға,түзу сөйлеуге,терең сезінуге үйретті.Жуырда ақынға арнап екі бөлімнен құралған кітабымды жарыққа шығардым.Еңбегімде оның тағдыры мен достары жайлы кеңінен тоқталдым.

Пушкинді кәрі де, жас та оқиды. Ол – лирик,романтик,эпикалық тақырыпта да қалам сермеген. Қазіргі уақытта барлық еңбектерін қосқанда 10 томнан асып кетеді екен. Бізге белгісізі қаншама. Өйткені, ол көбінесе, бүркеншік атпен жазған немесе мүлдем қолын қоймаған. Ақын ескерткішінің маңына жиналған жұрт гүл шоқтарын қойып,Пушкиннің өлеңдерін, өз туындыларын оқыды. Ұлы ақынды пір тұтатын оқырман қауым Пушкин есімі жаңғырып тұру үшін үнемі осындай кештер өткізіп тұрады. Қалада қазір Пушкин атындағы көше және ескерткіш бар.

Данаш Хамзина