Бизнес және экономика

“Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы өз жемісін беруде

 

 

Кәсіптік лицей 5 мамандық бойынша білім береді. Оқу орны сұранысқа ие аспазшы, аспазшы-кондитер, қонақүй қызметін көрсетуші метрдотель, шаштараз-сәнгер, хатшы-референт мамандарын даярлайды. Бүгін мұнда кәсіп меңгерген 50 адамға сертификаттар табыс етілді.

Мәдина Ақпанбаева, №5 кәсіптік лицейдің аға шебері:
– 1 қыркүйектен бері мемлекеттік тапсырыс бойынша хатшы-референт, аспаз-кондитер және наубайшы мамандары даярлануда. Оқу курсының уақыты-10 ай. Бірінші жарты жылда «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 86 адам оқып шықты.

Соңғы үш ай бойы аспазшы-кондитер мамандығын меңгерген Дина Мінайдароваға да бүгін сертификат табысталды. Барлығы бұл топта 14 адам оқыған.

Дина Мінайдарова, аспазшы-кондитер:
-Осы аз уақыттың ішінде үйрендік тағам жасауды: еттен, балықтан, ірімшіктен. Сондай-ақ, торттарды әзірлеуді үйрендік. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша алған мамандығымыз үлкен табыс әкеледі деп ойлаймыз.

Ал хатшы-референт мамандығын 5 адам меңгеруде. Олардың арнайы құжаттары маусымның 12-сі табыс етілмек.

Жұлдыз Арғынқызы, №5 кәсіптік лицейдің хатшы-референт мамандығы бойынша оқыту шебері:
-Хатшы референт мамандығы бойынша арнайы пәндер оқиды. Ақпараттық технология және компьютерлік іс жүргізу және қазіргі оргтехника пәндері бойынша даярлап жатырмыз. Осы топ 12-маусым күні шығарылады
.

Жалпы оқу жылы басталғаннан бері мұнда даярлау және қайта даярлау курстарынан 139 адам оқып шыққан.

Әспет Әбдірешова