Құтқарушылар рейді

ТЖД

14:04 5 Маусым 2012

Маусымның 1-нен Есіл өзені мен Пестрое көліндегі жағажайлар жұмысын бастады. Жаздың жайдары күнінде ыстығын суға шомылып басамын дегендер сағат таңғы 11-ден кешкі 9-ға дейін бос уақытын арнайы жағажайларда өткізе алады.

– Күн ыстық болғасын жағажайға суға түсуге келдім. Мұнда қауіпсіз. Құтқарушылар бар. Тыйым белгілер орнатылып жаңа малтып үйренгендерге арнайы орындар қарастырылған
– Әсіресе балаларға көп жағдайлар жасалған. Кішкентайыма еш алаңдамауға болады. Судың тазартылғаны көрініп тұр. Бір сұрарым құмды көбірек сепсе жақсы болар еді.

Жағажайдағы жұмыс жанданғалы құтқарушылар екі адамды өлім аузынан аман алып шығыпты. Тағы екеуінің өміріне араша түсу мүмкін болмады. Суға кеткендер арнайы белгіленбеген қауіпті жерлерде малтыған.

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару станциясының бастығы:
-Белгіленбеген жерлерде суға түсуге тыйым салынады. Ішімдік ішпеген абзал. Шыны бөтелкелерді алып келуге рұқсат етілмейді. Әсіресе су жағалаған
кішкентайларды көзден таса қалдырмау керек.

Өткен жылғы шомылу маусымында 34 адамды су жұтты. Жапа шеккендердің көбі араққа тойып алып суға кіргендер. Айту керек арнайы жағажайларда бір де бір қайғылы оқиға тіркелмепті. Ондағылардың қауіпсіздігін медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары, құтқарушылар қадағалайды.

Нұрлан Қалқашев, СҚО ТЖД судан құтқару станциясының сүңгуірі:
-Күнара жаттығып дайындалдық. Су тазартылды. Жапашегушіні судан арашалап қалуға қажетті жабдықтармен толықтай қамтылдық. Көмекке келуге 100 пайыз дайынбыз. Сонда да әр адамның сақтығы өз қолында екенін ұмытпаған жөн
.

Биыл да жерлестерімізге өзгелердің қателігі сабақ болмаған сыңайлы. Суда құтқару қызметінің мамандары Есіл өзенінің бойы мен көлдерді аралап ұдайы тексеріп отырады. Құтқарушылардың ескертуін қауіпті аудандарда шомылып жүргендер елеп жатқан жоқ. 31 адамнан тұратын штаттық құрам су көздеріне бай өңіріміздің қай жеріне жетсін. Оның 14-і гидрокастюмдермен толықтай қамтылған сүңгуір. Бүгінде оңай емес қызметтеріне көмекші 2 катер, 5 моторлы, 18 желкенді қайық сақадай сай.

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

“Жұмысшы” кентінде өрт оқиғасы орын алды
Балықшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
«Табиғат-тіршілік көзі» акциясы
Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Тұрғындар үйлерінің маңын қардан тазалауда
Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға дайын
Петропавлда автокөліктен от шықты
Өңірде өткен аптада 8 өрт оқиғасы тіркелді