Ауыл шаруашылығы

Мамлют ауданында егіс аяқталды

 

Виктор Чешковтың механизатор болып жұмыс істегеніне 15 жылдан асыпты. Тәжірибелі жұмысшы ауа райының қолайлылығы мен техника жарамдылығының арқасында егіс науқанының сәтті аяқталғандығын айтады. Серіктестікте көктемгі егіс жұмыстарына 5 техника күші жұмылдырылыпты.

Виктор Чешков, «Вайнах-терек» ЖШС жұмысшысы:
– Көктемгі егіс науқаны ойдағыдай аяқталды.
Техниканы алдын-ала даярлаған болатынбыз. Соның арқасында жұмысты уақытында бастап, дер кезінде еңсеру мүмкін болды.

Шаруашылықтың құрылғанына 14 жылдан асыпты. Жылдан-жылға егіске бөлінетін алқап ұлғаюда. Биыл серіктестіктегілер 1055 га аумаққа дән сіңірген. Бірер күнде егістіктерді дәрілеп, парға бөлінген жерлерді өңдеу жұмыстары басталмақ.

Жабраил Елмурадов, «Вайнах-терек» ЖШС басшысы:
– Жұмысқа мамырдың 18-і кіріскен болатынбыз. Ал қазіргі таңда жерді гербицидтермен өңдеуге әзірленудеміз. Мол астық алу үшін алқаптарды тыңайтқаштармен өңдемекпіз.

«Воскресеновка» ЖШС де маңызды науқанды алғашқылардың бірі болып аяқтаған. Шаруашылықта техниканы жаңартуға ерекше назар аударылады. 2 жыл бұрын алынған   өнімділігі жоғарғы «КУЗБАСС» кешені диқандардың көңілінен шығып отыр. Сондай-ақ тұқымды жаңарту да басты назарда. Биыл серіктестікк алқаптарға 2 сұрыпты тұқым сіңіріпті. Бұл астықтың сапасын арттырады дейді серіктестіктіктің бас агрономы.

Біржан Шәріпов, «Воскресеновка» ЖШС бас агрономы:
– 2479 га бидай, 277 га арпа септік. Барлығы 4224 га
жеріміз бар.

Жалпы Мамлют ауданында 58 серіктестік пен 200 шаруа қожалығы егіс науқанын толықтай аяқтапты. Олар 150 мың га аумаққа дән сепкен. Оның 117 мыңы – бидай.

Василий Лисичкин, Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бастығының орынбасары:
– Бүгінде аудандағы барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер егіс жұмыстарын аяқтады. Жоспарланған алқаптар толықтай игерілді. Жауын-шашын қажетті мөлшерде болса, өнім мол шықпақ.

Енді шаруашылықтар техниканы қайта сайлап, өңдеу жұмыстарына кіріспек.

Инеш Шоқақова