Мәдениет

Суреттер байқауы



 

Мына суреттердің арасында бас жүлдеге лайық деп танылғаны – Сергей Шветовтың жұмысы. Бұл 8 сынып оқушысының қол жеткізген үлкен жетістігі емес. Осыған дейін халықаралық байқауда бағын сынап, 2-ші орынға ие болды. Облыстық сайыста үздік атанған суреттің авторы шілденің 3-і Астана қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алып, бейнекамераның иегері атанды.

Сергей Шветов №8 эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушысы:
-Астана қаласында болған емеспін. Естігеннен өзімнің елестеткенімді суретке салдым. Енді осы жеңісім арқылы Елордаға бару мүмкіндігіне ие болдым. Онда да жақсы жетістікке қол жеткіземін деп үміттенемін.

Жүлделі 1-орын Диана Абдуллинаға бұйырды. Ал Гүлжазира Селейхан бұл сында 2-ші орынға ие болды. 7 жасар қыз өз қиялындағы Астананы қағаз бетіне түсіру үшін 2 күнін жұмсапты.

 Гүлжазира Селейхан, №17 ұлттық өркендеу мектебінің оқушысы:
-Мен мына суретті салдым. Бәйтеректің суретін салдым. Мен Астанаға барғым келеді.

Жамбыл ауданы, Қайранкөл орта мектебінің оқушысы Елена Синицына 3-орынға тұрақтады. Жалпы «Арман қала – Астана» байқауында 70-тен астам жұмыс бас жүлде үшін таласты.

 Айгүл Жылқожина,  облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыстар мен ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:
-Бұл суреттерде балалардың болашақтағы Астананы қалай елестететіні бейнеленді.
Біз олардың қиялын, бейнелеу өнеріндегі шеберлігін бағаладық. Жеңімпазды анықтау оңай болмады. Ауданнан келген жұмыстар өте көп болды.  

Байқауға жұмысын ұсынған талапты оқушылардың барлығы шағын сыйлықтармен марапатталды

Айдана Демесінова