Патриоттар форумы

Қоғам

16:34 4 Маусым 2012

 
“Менің Қазақстанным!” атты патриоттық форум елжанды жерлестеріміздің басын қосты. Қасиетті рәміздерімізді құрмет тұтып келген өңір белсенділерін облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады. Салтанатты жиында өңір жетекшісі отансүйгіштік қасиеттерімен ерекшеленген жылдың бас патриоттарын марапаттады. Жанат Жақиянов әлемдік шаршы алаңдарда көк туымызды асқақтатып, әнұрамымызды әуелетіп жүрген кәсіпқой боксшы. Сары және кәрі құрлықта тең келер қарсылас табылмаған халықаралық дәрежедегі былғары қолғап шебері алдағы уақытта әлемдік аренаны бағындырмақшы.

Жанат Жақиянов, боксшы:
– Үлкен жарыстарда әнұран шырқалып, байрағымыз өзге елдердің туларынан биік желбірегенде бойымды қуаныш сезімі кернеп, ерекше қасиет билейді. Осы сәтте менен бақытты адам жоқ болған шығар. Қазақ елінің намысын әлі талай асқақтатамын деп сөз беремін.

Жанарбек Ахметов отқа оранған баспанадан 4 адамды аман алып шыққан. Құтқарушы бұл ісін ерлік санамайды. Ол менің міндетім деп отыр. Құрметке бөленгендердің қатарында Аманжол Зағыпар да бар. Қанатты сөзді қазынам деп танитын жерлесіміз ел деңгейіндегі талай айтыс, мүшайрада топ жарып жүр.
Бұл күні ұлттық домбыра өнерін насихаттап жүрген қызылжарлық Татьяна Букирова, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының офицері Кенжеболат Балтабаев, Явленка орталық ауруханасының дәрігері Константин Андрюшенко мен жас ғалым Юлия Кочирышкина да жыл патриоты ретінде танылды. Форумға 80-ң сеңгіріне шыққан ел ағасы Жұмаш Сейітбеков те қатысты. Тыл еңбеккері осындай білімді де жігерлі ұл қыздары бар Қазақстанның болашағы зор екеніне кәміл сенеді. Салтанатты жиын ән кешіне ұласты.

Жеңіс Ермұқанов

Жанат Жақиянов, боксшы:
– Үлкен жарыстарда әнұран шырқалып, байрағымыз өзге елдердің туларынан биік желбірегенде бойымды қуаныш сезімі кернеп, ерекше қасиет билейді. Осы сәтте менен бақытты адам жоқ болған шығар. Қазақ елінің намысын әлі талай асқақтатамын деп сөз беремін.

Жанарбек Ахметов отқа оранған баспанадан 4 адамды аман алып шыққан. Құтқарушы бұл ісін ерлік санамайды. Ол менің міндетім деп отыр. Құрметке бөленгендердің қатарында Аманжол Зағыпар да бар. Қанатты сөзді қазынам деп танитын жерлесіміз ел деңгейіндегі талай айтыс, мүшайрада топ жарып жүр. Бұл күні ұлттық домбыра өнерін насихаттап жүрген қызылжарлық Татьяна Букирова, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының офицері Кенжеболат Балтабаев, Явленка орталық ауруханасының дәрігері Константин Андрюшенко мен жас ғалым Юлия Кочирышкина да жыл патриоты ретінде танылды. Форумға 80-ң сеңгіріне шыққан ел ағасы Жұмаш Сейітбеков те қатысты. Тыл еңбеккері осындай білімді де жігерлі ұл қыздары бар Қазақстанның болашағы зор екеніне кәміл сенеді. Салтанатты жиын ән кешіне ұласты.

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Отбасы құндылықтары
Мемлекеттік мекемелердің жұмыс сапасын бағалау
Петропавлда суағарлар тазартылып жатыр
“Серпін” түлектері СҚО-да қалып, қызмет істеуге міндетті
Жетім көрсең жебей жүр
Жүк тасымалына қатысты өзгерістер
Жергілікті кәсіпорын күніне 6 мың данаға жуық маска тігеді
Құтқарушылар мен студенттер қарияға көмектесті
Жерлеу рәсімімен айналысатын кәсіпорындардың жұмысы – жіті назарда
Көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер
Үйде отыру қажет
Петропавлда іскер әйелдер бас қосты