Құқық қорғау органдары

“Жолдағы патриот” акциясы

Бұл жолы тәртіп сақшылары көлік иесінің құжаттарын тексеру үшін емес, мемлекеттік рәміздерді қаншалықты білетіндігін сұрау мақсатында тоқтатуда. Александр Скрипко сыннан сүрінбей өтті. Ол мемлекеттік рәміздерді білу әр азаматтың парызы дейді.

 Александр Скрипко:

 

– Республика азаматтары Ата заңымыздың талаптарын сақтап, Ту, Елтаңба, Әнұранның ерекшеліктерін біліп, оларға сыйластықпен қарауы тиіс. Ал бұндай акция әрине көптеген жүргізушілерге мол ақпарат берері сөзсіз.

Бұл акция қаламыздың 5 аймағында бір уақытта өткізілуде. Ал жолда тоқтатылған жүргізушілер қойылған сұрақтарға көп қиналмай, мүлтіксіз жауап беруде.

 -Мемлекеттік нышандарды еліміздің барлық халық білуі шарт. Себебі ол егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің белгісі.
– Елтаңба, Әнұран, Ту. Бұл акцияның барлығына берер пайдасы көп. Қазақстанның әрбір тұрғыны мемлекеттік рәміздерін білуге міндетті деп ойлаймын.  

Ұйымдастырушылар бұл шараның маңызы зор деп отыр.

Махаббат Исимбаева, «Әлеуметтік жоба» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

-Акция мемлекеттік нышандарға деген халықтың құрметін арттыруға септеседі деп ойлаймын. Алдымен сауалнамаға жүргізушілерді тарттық.  

Акцияны ұйымдастырушылар әр жүргізушіге мемлекеттік нышандардың толық сипаттамасы берілген үнпарақтар таратты.

Әсел Күшенғалиева