Қоғам

Әнұранды шырқату үшін тек қана жеңіс керек

 

 Владислав Третьяков  – жастар арасындағы әлем чемпионы, гір көтеруден халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері, Нью-Йоркте өткен соңғы әлем чемпионатында алтын алқа алып қайтты.

Владислав Третьяков, жастар арасында гір көтеруден әлем чемпионы:
Бұл менің алғашқы жеңісім емес. 2009 жылы Эстонияда  алтын алқаға ие болдым, 2010 жылы  – «күміс». 2011 жыл да сәтті болып, Нью-Йоркте бірінші орынды жеңіп алдым.

Шетелге жарысқа шыққан сайын Владислав алдына жеңіске жетуді ғана мақсат етіп қояды, спорт алаңында Қазақстанның Әнұранын шырқатып, Туы көтерілуін көздейді.

 

 

Владислав Третьяков, жастар арасында гір көтеруден әлем чемпионы:
– Еліміздің туы көтерілгенде  керемет толғаныс сезінесің. Өз еліме әлем чемпионатында жеңіс сыйлап, Әнұранын шырқатқаным үшін кеудені  мақтаныш сезімі кернейді.  

Гір спортымен Владислав  2005 жылдан бері айналысады.  Көп жаттығып, шеберлігін шыңдау үстінде.

Андрей Глывяк, СҚО гір көтеруден жоғары категориялы бапкері:
– 2009 жылдан менің басшылығыммен жаттығады. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, ерлер арасында чемпион атанды. Владислав әлі талай рет еліне жеңістер әкеледі, біздің Әнұран әлем ареналарында шырқалады деп ойлаймын.