Қоғам

Жас патриоттар акциясы



 

 

Елдің әр патриоты мемлекеттік рәміздерді біліп, оларға құрмет көрсетуі парыз. Елдіктің басты нышандарының 20 жылдық мерейтойына орай “Әлеуметтік жоба” жастар қоғамдық бірлестігі облыс орталығында “Болашақ бүгіннен басталады” патриоттық акциясын ұйымдастырған болатын. Бір аптаға созылған игі шараға 100-ден астам солтүстікқазақстандық атсалысыпты.

Нұрсаят Саркен, жобаның үйлестірушісі:
Осы акцияны өткізгеннен кейін біздің мемлекеттік нышандарға халықтың құрметті арта түседі деген ойдамыз. Осы акция арқылы біз жастарға мемлекеттік рәміздердің елімізде қаншалықты маңызға ие екенін жеткіздік.

Патриоттық акцияның мақсаты – халыққа мемлекеттік рәміздер жайында неғұрлым мол мағлұмат беру. Республикамыздың басты нышандарының қабылданғанына 20 жыл өтсе де, олардың мән-мағынасын, тарихын білмейтіндер да бар. Осындай келеңсіз жайттарға жол бермеуде – игі шараның берер пайдасы орасан дейді ұйымдастырушылар.

Алмаз Зікірин, әуесқой фотосуретші:
– Осындай акцияны өткізгенде көшеде өтіп бара жатқан әр адам мемлекеттік рәміздерді қаншалықты сүйетіндігін және олар үшін де маңызды екендігін білдіруде.  

Әуесқой фотосуретшілер тұрғындарды мемлекеттік рәміздердің жанында суретке түсірді. Шараға қатысуға ешкім қарсы болған жоқ. Керісінше қуана келісуде.

Менің ойымша қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өте пайдалы деп ойлаймын. Біздің Қазақстанның патриоттары болып өседі.
Бұл акцияның пайдасы көп. Қазақстанның әрбір тұрғыны мемлекеттік рәміздерін білуі міндетті деп ойлаймын.  

 
Гүлбану Ахметова