Энергетика

Жарты ғасырдан астам еңбек еткен

 

  
Валентин Кравец -ТМД елдерінің құрметті энергетигі. 70-ті желкелеген қария  өмірінің 55 жылын жылумен қамту саласына арнапты. Оның 14 жылы “СевКазЭнерго” АҚ-да өткен. Кәсіпорынның бас инженері зейнет жасына жетсе де сүйікті ісін тастамаған.

Анатолий Шпак, “СевКазЭнерго” АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы:
– Валентин Григорьевич өз ісін білетін өте тәжірибелі маман.
Шеберлігімен әрдайым бөлісіп, көптеген жас энергетиктерді тәрбиеледі. Аса жауапты. Жолдас ретінде де бойынан бір мін таба алмайсың.

Валентин Кравец 17 жасында еңбек жолын Украинадан бастапты. Әскери борышын өтегенде де мамандығынан аса алыстамай, бөлім электригі қызметін атқарған. Ол бес бөлімді қазандықпен жұмыс жасаған алғашқы адам екен.

 Валентин Кравец, еңбек ардагері:
Мені 1971 жылы Қазақстанға шақыртты. Алдымен мен Ермак жылу электр станциясында цех бастығы болдым. Кейін ауысым бастығы болып Екібастұз қаласында қызмет еттім. Соңғы еңбек жылдарым Солтүстік Қазақстан өңірінде өтті. Мен өзімді бұл саладан басқа жерде көре алмаймын.

Бүгін Валентин Григорьевичті әріптестері салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды. Зейнеткер жастарды мамандығының қыр-сырына үйретуге келіп тұруға уәде етті.

Жеңіс Ермұқанов