ТКШ

Жаңа қоғамдық қор жұмыс істей бастады

 
Бұл үй – қор қаражатына абаттандырылатын көпқабатты баспаналардың алғашқысы.

1964 жылы бой көтерген ғимарат әбден ескіріпті. Өз мүлкіне немқұрайлы қарамайтын тұрғындар жиылып, әбден тозған үйді жөндеуге бел буған. Тұрғын үй жаңғырту бағдарламасының тиімділігіне көз жеткізген жерлестеріміз алғашқылрдың бірі болып, тың жобаға қатысуға ниет танытыпты. Осылайша олар үйдің шатырын, аулаға қараған балкондарын ауыстырып, осы жақтағы үйдің қасбетін жөндеген.

Виктор Шукан,”Спутник” тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы:
«Ақ қайыңдар өлкесі» қоғамдық қорының қаражатына осындай үйлердің қасбетін жөндеуді әрине қолдаймын. Біз осындай жақсы мүмкіндікке бірінші болып қол жеткізгенімізге ризамыз. Игі шара кең етек жайып, қаламызды көріктендіре түсетініне сенемін.

Зинаида Мордвинцева бұл үйде іргесі қаланғаннан бастап тұрып келеді. Соңғы жылдары ескі баспанамыз жөнделіп, ауламыз көркейді дейді зейнеткер.

Зинаида Мордвинцева:

 

Үйдің қас бетін тегін жөндеп береміз деп отыр. «Ақ қайыңдар өлкесі» қайырымдылық қорына іліккеніміз бақыт деп ойлаймын. Өйткені біздің үйіміз одан сайын көркейе түспек. Жуырда ғана ауламыз абаттандырылды. Осындай әсем көрініс көзді қуантады.

«Ақ қайыңдар өлкесі» қайырымдылық қорының құрылып, үйлерді көркейту шараларының жүзеге асырылып жатқандығы петропавлдықтардың көпшілігін қуанышқа бөледі.

Қаламыз гүлденіп келе жатқанымен, жөндеуді қажет ететін үйлер баршылық. «Ақ қайыңдар өлкесі» қоғамдық қоры арқылы үйлердің қас бетін түзесек, әрине қаламыздың көркі арта түседі.
Әрине, бұл бастаманы қолдаймын. Халықтың өз қаласын көркейту үшін қолынан келгенін жасаса жақсы болар еді.
Тың жобаға деген көзқарасым оң. Қордың қаражаты шынымен қаламыздың игілігі үшін жұмсалса, мен де бұл шараға қатысып, көмегімді көрсетер едім.

Жаз мезгілінде «Ақ қайыңдар өлкесі» қоғамдық қорында жиналатын қаржыға 60 үйдің қасбетін жөндеу көзделіп отыр.

Айдана Демесінова