Қоғам

Қоғамдық кеңес судьяларды іріктейді


 

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жанынан құрылған қоғамдық кеңес отырысы алғаш рет өткізіліп отыр. Оның құрамына депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, заңгерлер енген. Жиында алдымен жаңа құрылған кеңестің мән-маңызы мен оның міндеттері сөз болды.

Нұрғазы Әбдіқанов, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:
Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында сот жүйесін дамытуға қатысты сұрақтарға аса зор көңіл бөліп келеді. Қай кезде болмасын кадрларды таңдауда қателікке жол беруге болмайды . Бұл әсіресе заң саласында жұмыс істейтін судьяларға қатысты.  

Екінші болып қаралған мәселе бос орындарға кандидатурасын ұсынған сот қызметкерлері жайында болды. Мұндай мүмкіндікке заң саласында кемінде екі жыл еңбек еткен адам ие бола алады. Ал жасы 25-ке толуы міндетті. Өз кандидатурасын ұсынғандардың бірі – Нұрсұлу Жапарова.

Нұрсұлу Жапарова, Петропавл қалалық №2 сотының кеңсе меңгерушісі:
Сот саласында мен 1998 жылдан қызмет атқарамын. 2004 жылдан бастап Петропавл қаласының №2 сотында кеңсе меңгерушісі лауазымын атқарамын. Бүгінгі күні судья лауазымына кандидат ретінде қатысқалы отырмын. Жоғары сотта емтихан тапсырдық, кейін тағылымдамадан өттік.

Судьялық қызметке үміткерлер өз кандидатурасын жергілікті кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ісімен айналысатын ювеналдық сот, қылмыстық және аудандық соттарға ұсына алады.

 Елена Максюта, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы:
-Қоғамдық кеңес мүшелерінде кандидаурасын ұсынғандар жайлы ақпарат бар.
Соған сай кеңес мүшелері оларға өз сұрақтарын қояды. Іскерлік, адамгершілік қасиеттеріне қараймыз.

Судьялыққа 13 қызметкер өз кандидатурасын ұсыныпты.

Әспет Әбдірешова