Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері аттестацияға дайындалуда

 

 
Алғаш рет өткізіліп тұрған кезектен тыс аттестацияның негізгі мақсаты – тәртіп сақшылардың қатарын біліктілігі төмен кадрлардан тазартып, құқық қорғау саласын сапалық тұрғыдан көтеру болып табылады. Бұл сында қызметкерлердің кәсіби икемі, дене шынықтыру қасиеттері, атыс қаруын шебер қолдануы, нормативті-құқықтық актілерді жетік білуі, содан кейін олардың мінез-құлқының тұрақтылығы сараланбақ. Аттестация 3 кезеңді қамтиды.

Спартак Қабденов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы:
Бүгінгі күні ІІД бастығы және орынбасарлары жоғарғы аттестациядан өтуде. Одан кейін аймақтық аттестация комиссиясының мүшелері ІІМ-нің жанында аттестациядан өтіп, кейіннен жергілікті жерлерде қызметкерлердің аттестациядан өту шаралары жүргізілетін болады.

Солтүстікқазақстандық полицейлер кезектен тыс аттестацияға дайындалуға бұрыннан кірісіп кеткен. Бос уақытында денелерін шынықтырып, мергендік шеберлігін шыңдап отырады. Өздерінің кәсіби білімін жетілдіруді де естен шығармайды. Өйткені олардың қызметі осы тексерістің нәтижесіне байланысты болмақ.

 Спартак Қабденов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы:
– Біріншісі өзінің қызметіне сәйкес жоғары қызметке тағайындауға лайық деген шешім қабылданады.
Екіншісі өзінің қызметіне сәйкес. Үшіншісі өзінің қызметіне сәйкес емес болса, төмен лауазымға тағайындау ұсынысы жасалады. Төртіншісі өзінің қызметіне сәйкес емес, басқа қызметке ауыстыру туралы шешім қабылданады. Соңғысы өзінің қызметіне сәйкес емес, яғни ішкі істер органдарынан босатылады.

Бұл сыннан өңірдегі 2 мыңнан астам полиция қызметкері өтетін болады.

 Айдана Демесінова