Билік

Құрылыс индустриясының болашағы


 

Бүгінгі күні республикамызда 1 254 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 8-і цемент, 5-уі темір арматураларын өндіреді. Өнеркәсіп дамып келеді. Алайда мемлекетімізде керамикалық металл және еден  жабынының өндірісі оң жолға қойылмаған. Шыны, ағаш, радиатор шығаратын кәсіпорындар да жоқ. Алдағы уақытта бұл олқылықтарды жою міндеті тұр. Өзге аймақтармен бірге біздің облыста да цементтік терминал ұйымдастырып, оның қуаттылығын арттыру қажет. Осылайша 2020 жылы Қазақстандағы отандық құрылыс материалдарының үлесі 90%-ды құрауы тиіс.
Серік Ахметов облыс әкімдеріне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды. Елімізде құрылыс комбинаттарын құру мақсатында шетелдік компаниялармен меморандумға қол қою бағытында жұмыс жасау керектігін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандықтарға тұрғын үй-құрылыс корпорациялары мен тұрғын үй институтының құрылуына да үлкен мән берген жөн.
Селекторлық байланыс үзілгеннен кейін өңір басшысы Серік Біләлов бұл мәселені жергілікті мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларымен талқылап, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Құрылыс комбинаттарын құру мәселесі бойынша «Основание» ЖШС басшысымен сөйлескенбіз. Чехтармен меморандумға қол қойдық. Мұнымен шектелмей, бұл бағытта жұмысымызды жалғастыру қажет. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осындай жетістіктерге қол жеткізу оңайырақ болады.

«Севимсталькон» ЖШС-нің өкілдері де құрылыс комбинатын құруға өтініш білдіріпті. Аймақ басшысын олардың жобаны жүзеге асыру бойынша жоспары қызықтырды. Облыс әкімі өзінің орынбасары Александр Чженге бұл жобаны іске асыруға ниет білдірген кәсіпорындарды анықтауға тапсырма берді

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Қажетті құжаттардың барлығын дайындау керек. Айсары кен орнындағы кварц құмының игерілуі жайлы сөз қозғағанбыз. Онда техникалық-экономикалық негіздеме қажет. Бұл жұмысты жақын арада тындырған абзал.

Айдана Демесінова