Спорт

“Локобол -2012”



 

Тартысты дода осымен 5 жыл қатарынан өтуде. Биылғы жарыста 2 600 команда бақ сынасады деп күтілуде. Үлкен сынға жолдама алу үшін Петропавлдағы мектеп оқушыларынан жасақталған 12 команда үш күн бойы өзара мықтыны анықтауда. Турнирге 9 -11 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда.

Нина Завгородняя, футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары:
– Бүгін біз «Жастар» стадионында балалардың дайындықтарын пысықтап жатырмыз. Ең мықты деп табылған команда тартысты додада өңір намысын қорғамақ. Бұл жарысқа Ресейдің 16 аймағы атсалысады. Сонымен қатар Беларуссия мен Украина да бар.  

Мектеп оқушылары шағын футбол ережелері бойынша ойнауда. Әр кездесу 20 минуттан екі таймға созылады. Алаңда қақпашымен қоса санағанда 6 ойыншы болу керек. Қазақ мектеп-гимназиясының жас аяқ доп шеберлері жарыс басынан әлі жеңіліс көрген емес. Бүгінгі ойында да олар айқын басымдықпен қарсыластарын тізе бүктіруде.

 -Осы сайыста жеңеміз деп ойламын. Маған футбол ойнаған өте ұнайды. Себебі футбол ойнағанда барлық дене мүшелері қатаяды. Бүгінгі ойында екі рет ойнадық. 7-0 есебімен жеңдік.
– Біз екі ойын өткіздік. Бірінде жеңсек, екеншісінде жеңілдік. 4 гол соқтым қарсыластың қақпасына.  

Жеңімпаз команда маусымның 1-і халықаралық балалар күнінде белгілі болмақ. Жеңген құрама Ресейдің Түмен қаласында өтетін халықаралық турнирге жолдама алады.

Гүлбану Ахметова