Қоғам

Қиын жағдайда қалған жасөспірімдерге қалай көмектесуге болады?


 

Жасөсіпірімдердің бойындағы психологиялық ауытқулар мен аутодеструктивтік мінез-құлқына байланысты туындайтын мәселелер, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар осы жағдайды шешу жолдарын қарастырып, түрлі әдістер ұсынуда. Өмірде қиын жағдайға тап болып, жүйкесі жұқарған балаларға көмек көрсетуде әлеуметтік-психологиялық қызметтердің мәні зор дейді олар.

Ғалия Баязитова, М.Қозыбаев СҚМУ психология кафедрасының маманы:
– Конференцияда маңызды мәселелер талқыланады. Әр баяндамашы жасөспірімдерге байланысты туындайтын мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.

Психологиялық күйзеліске ұшыраған балаларға қол ұшын беріп, жасөспірімдердің өмір сүруге деген құштарлығын арттыруға аса мән беру қажет. Қызылжар ауданындағы жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған балаларға арналған баспана ұжымы осы мақсатта арнайы бағдарлама әзірлепті. Аталмыш бағдарлама жасөспірімдердің өмірге бейімделуіне септігін тигізеді дейді мекеме директоры.

Қанат Сәдуақас, облыстық жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған балаларға арналған баспананың директоры:
– Біз 1 жыл бойы балаларды әлеуметтендіру бойынша тың бағдарламаны қолға алдық. Нәтиже жаман емес.

Балалардың өз-өзіне қол жұмсауының себептері, алдын алу шаралары мен білім беру мекемелерінде психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға 80-ге жуық маман қатысты.

Амангелді Иманов, М.Қозыбаев СҚМУ психология кафедрасының меңгерушісі:
– Конференцияны балалардың құқығын қорғау департаментімен бірлесе ұйымдастырып отырмыз. Түрлі мамандар шақырылды.

Конференцияда талқыланған мәселелер мен оларды шешу жолдары арнайы жинақта жарық көрген.

Инеш Шоқақова