Қоғам

Елдік белгілерінде Қазақстанның ерекшелігі көрініс тапқан


 

Әрбір мемлекеттің елдігі мен егемендігін айқындайтын басты белгілері – ол мемлекеттік рәміздер. Бүгінгі жиынға қатысушылар ту, елтаңба және мемлекеттік әнұран жайлы, олардың шығу тарихы, авторлары туралы маңызды мағлұматтар алды.

 Мария Шингурова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың оқу залдары бөлімінің жетекшісі:
– Бүгін біздің кітапханада мемлекеттік рәміздер күні өткізіліп отыр. Ондағы мақсатымыз – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау. Сонымен қатар  бүгінгі шараға «Бірлік пен бейбітшілік нышандары» деген кітаптар көрмесін де ұйымдастырдық.

Сондай-ақ, жиын барысында көпшілік назарына “Тәуелсіз Қазақстанның абыройлы рәміздері” деген фильм көрсетілді. Онда негізінен мемлекеттік рәміздерді қолданудағы талаптар мен олардың мән-маңызы жайлы айтылды.

Айгүл Кәрімова, СҚО кедендік бақылау департаментінің мемлекеттік тілді енгізу және редакциялық сараптама бөлімшесінің аға маманы:
– Біздің еліміздің мемлкеттік рәміздерінің орны өте зор. Бұл рәміздер еліміздің жалпы тәуелсіздігін көрсетеді. Әрбір азамат еліміздің рәміздерін білуі тиіс және міндетті болып табылады.

1992 жылғы маусымның 4-інде тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында маңызды оқиға ретінде мәңгі сақталады дейді жиынға қатысушылар.

Әспет Әбдірешова