Балалар

Жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарын ұмытпауы керек

 

 

Саяси қуғын-сүргін жылдарында 1465 солтүстікқазақстандық ату жазасына кесілді. Ал 7 мыңнан астам жерлесіміз абақтыларға қамалған. Тарихымыздың бұл қаралы беттерін әрбір қазақстандық білуге міндетті дейді кездесуді ұйымдастырушылар.

Данияр Әбутәліпов, “Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Жастардың қуғын-сүргінге ұшырағандар жайлы ақпарат алуы үшін ұйымдастырып отырмыз. Әлі де бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

«Асыл мұра» орталығының мүшелері де жазықсыз жала жабылған жандардың тізімдерін зерттеуде. Олардың әрқайсысының өмірі жайлы ұрпақтары білуі тиіс. Әсіресе жастарды тарихымыздың бұл кезеңінен хабардар етпекпіз дейді орталық мүшелері.

Қайролла Мұқанов, «Асыл мұра» орталығының мүшесі:
– 7 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қуғын-сүргінге ұшыраған. Біз олардың әрқайсысын жекелей зерттеудеміз. Облыстық газеттерде жазылады.

Жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, мұндай зұлматқа жол бермеуі тиіс. Олар мұны түсініп отыр.

Сафия Сармолда, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:
– Мұндай жиындар керек. Біз репрессия жайлы білеміз. Дегенмен кездесу арқылы
осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысамыз.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күні жұртшылық солақай саясаттан зардап шеккендердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, митинг өткізбек.

Инеш Шоқақова