Спорт

Спорттық би турнирі

 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған би жарысына «Александра » спорттық би шеберлігі мектебінің бишілер жұбы – Владимир Титов пен Дианелия Мұқатаева қатысуда. Кішкентай жерлестеріміз – Қарағанды қаласында өткен Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері. Жұптың құрылғанына бес жыл өтті. Сахнаға үлкен дайындықпен келген жұп жеңістен үмітті. 

Дианелия Мұқатаева, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы: 

Біз жарысқа көп дайындалдық. Бимен айналысқан маған ұнайды. Жұптасқан биде серіктесіңді жақсы түсіне білуің керек.

Владимир Титов, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Бізге бірлесе билеген өте ұнайды, себебі бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бүгінгі жарыста да жақсы билеп шықтық деп ойламын. Жүлделі орыннан үміттіміз.

Спорттық сәнді би кешінің басты ерекшелігі – «PRO-Am» кезеңі болды. Себебі мұнда кәсіпқой және әуесқой бишілер өз өнерлерін ортаға салуы керек . Вячеслав Аладинский сәндік биден 1деңгейлі спорт шебері, ал  оның жұбы Анастасия Зарубина – спорт саласына жақында келген. Дегенмен, олар «Румба» биін жоғары деңгейде билеп шықты.

Вячеслав Аладинский, жарысқа қатысушы, Омбы қаласы:

– Мұндай сынға қатысу мен үшін өз өнерімді одан әрі шыңдау керек деп түсінемін. Бұдан бұрын мен спорттық биде тек өзім үшін ғана билесем, бұл жерде әуесқой бишіні кәсіпқой биші деңгейіне жеткізе білуім керек болды. Менің ойымша бәрі жақсы өтті.

Анастасия Зарубина, жарысқа қатысушы,Омбы қаласы:

– Егер серіктесің жігіт, әрі кәсіпқой биші болса, қыз балаларға биді үйрену оңай. Бұл менің соңғы турнирім емес деп ойлаймын. Алдағы уақытта осындай жарыстар өтіп жатса, міндетті түрде қатысамын.  

 Би өнерін көрушілердің қатары да көп болды.

Барлығы өте тамаша, маған спорттық билер өте ұнайды. Мұнда немереммен келіп отырмын, мүмкін оған да ұнап, би үйірмесіне жазылар.
Бишілер өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп жатыр. Жалпы Перопавл қаласында би ұжымы өте мықты.  

Сынға қатысушылар самбо, ча-ча-ча, румба билері бойынша өнер көрсетулері тиіс. Бағын сынаушылардың дені халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары. Жалпы спорттық сәнді би жарысына 100-ге тарта жұп қатысуда.

Юрий Мирошниченко, СҚО бойынша республикалық би федерациясының жетекшісі:

– Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен биші жұптар қатысуда. Сонымен қатар Ресей, Омбы, Түмен қалаларынан да спортшылар бар. Ал бишілердің өнерін – халықаралық деңгейдегі қазылар бағалайды.

Спорттық сәнді би жарысының қорытындысы бойынша “Pro-Am” кезеңінде гран-приді 2 жұп жеңіп алды. Олар астаналық “Бродвей” спорт клубының бишілері Сергей Ляйсенов пен Юлия Кисилева және жергілікті “Александра” спорттық би шеберлігі мектебінің бишілері Никита Подлобко мен Флора Гукасян.

Әсел Күшенғалиева