Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Зенченко и К» серіктестігіне шетелден сиырлар әкелінді



 

Мал шаруашылығы саласында міндеті айқын, межесі биік «Зенченко и К» командиттік серістестігі биылғы жылы 600 бас симментал тұқымды ірі қарамен толықпақ. Өткен демалыс күндері Австриядан 180 бас жеткізілді. Оларға Новоникольское селосының шетінде арнайы орын дайындалған. Енді малдар осы жерде бағылады. Өңірімізге жеткізілген шетелдік асыл тұқымды малдың жай- күйімен өңір басшысы Серік Біләлов танысты.

Геннадий Зенченко, «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің директоры:

-Бүгінгі күні шаруашылығымызда 6000 -нан астам мал бар. Жаңадан келген іріқараға арнап кешен салдық. Қажетті қондырғылар орнаттық. Осының арқасында біз сүт өнімін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Қыркүйек айында жаңа зауыт пайдалануға берілмек. Нәтижесінде жылына 3600 тонна сүт өндіруді көздеп отырмыз.  

Кәсіпорынға қажетті қондырғылар Германиядан алынатын болады. Жаңа өндіріс орнының қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүтті өңдеп шығаруға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы шаруашылықтың жайымен танысты. Бұзау қорасында болып, жаңа туған төлдерді көрді. Сырттан келген малдар екі айға жуық карантинде болады.
Бұдан соң облыс әкімі «СБИ-АГРО» серіктестігіне қарасты сиыр сауу кешенінде болды. Сондай-ақ әуежай маңында көкөніс өсіруді қолға алған серіктестік басшыларымен кездесті. 
Мамандар 10 күн ішінде егу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ мұнда тамшылап суару жүйесі қолданылатын болады.