Иттер көрмесі

Әр түрлі

15:35 28 Мамыр 2012


Ит – адамның досы. Осындай үй жануарын серік еткен петропавлдықтар иттер көрмесіне жиылды.Чау-чау тұқымына жататын   төрт аяқты ақылды иттердің бірі. Ол адамға жақын, әсіресе балаларды жақсы көреді дейді оның иесі Алина Шаканова.

 Алина Шаканова:
– Бұл иттің аты – «Босс фон чикен карамель.» Ол екі жаста. Ал мінез-құлқы өте жақсы, адамды тыңдайды, үйге де жақсы бейімделген.

Ал мына алабай тұқымына жататын ортаазиялық алып ит сырт көзге қабаған болып көрінгенімен, өте   мейірімді көрінеді. Салмағы 70 кг болатын жануар күніне үш рет тамақтанады.

 Елена Костенко-Колесник:
Бұл өте мейірімді ит. Балаларды өте жақсы көреді. 2 жарым жастағы ұлымыз онымен ойнайды. Ешқашан біреуді қауіп, бас салған емес. Өте ақылды жануар, барлық айтқан әміріңді түсінеді.

Аң аулауға бейім Герда деген ит те адамға адал төрт аяқтының бірі. Иесінің сөзіне қарағанда, ол табиғат аясында дем алғанды ұнатады екен.

Кирилл Вербицкий:
Бұл ирландық ит тұқымдастарының бәрінің түсі жирен болып келеді. Яғни ол «қызыл ағаш» деп аталады. Бұл ит алғаш рет Ирландияда осыдан 3 ғасыр бұрын пайда болған.  

Көрмеге қатысқан әрбір итке сертификат берілді.

Әспет Әбдірешова

Бұдан әрі оқыңыз

Темекі өнімдері енді 21 жастан асқандарға ғана сатылады
200-ге жуық елді мекенде интернет жоқ
Гуманитарлық көмек 27 медициналық ұйымға таратылды
Қызылжар ауданындағы 4 ауылдың көшелері жөнделіп жатыр
Алиментті өндіріп алу шаралары қатаңдатылды
Береке ықшам ауданындағы саябақ көгалдандырылуда
Петропавлда 1500-ден аса бос жұмыс орны бар
Жануарларды қорлағандарға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін
Тікелей эфирде би терапиясы жайлы айтылды
Жерлесіміз теңдесі жоқ қар тазалау техникасын жасады