Мәдениет

125-ші театр маусымы премьерамен жабылды

 

 
Спектакльдегі оқиғада бір отбасының өмірі суреттеледі. Бай-мырзаға тұрмысқа шыққан Катя есімді қыздың баянсыз әрі бақытсыз өмірі қойылымға арқау болады. Қатал ене, шешесінің сөзінен шыға алмаған күйеуі оның жастық шағының ерте солуына себепкер болады.

Сангат Яруллин, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, бас суретші:
– Бұл спектакльдің ерекшелігі  Островский шешімінің бірегейлігінде болса керек. Классикалық нұсқасы қарапайым тұрмыстық жағдайға құрылған.Негізінен мұндағы режиссердің шешімі шартқа құрылған сияқты.

Театр актері Роман Лахтин бұл қойылымда жас әрі бай мырзаның образында. Бас кейіпкер Катя екеуінің арасында тұтанған сезім ақыр соңында трагедияға апарып соғады.

Роман Лахтин, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері:
– Бұл менің театрдағы үшінші қойылымым. Бұған дейін ойнаған спектакльдерім қазіргі заманмен байланысты болды. Ал мұнда басқа ғасыр адамының кейпіне енемін.

Спектакльдегі оқиға 19-ғасырдағы қоғамның өмірінен сыр шерткенімен, онда көтерілген мәселелер бүгін де жоқ емес.

Тимур Кәрімжанов, қоюшы-режиссер:
– Островскийде бұл пьеса драма ретінде жазылған. Мен оны трагедия деп атадым. Себебі оқиғасы шытырман, соқпақты. Мұнда басты кейіпкер қаза болады.

Қойылым екі бөлімнен тұрды. Актерлердің орындаушылық шеберлігіне тәнті болған көрермендер оған жақсы баға берді.

– Спектакльдегі көрініс қазір де бар. Островский оны осыдан қаншама жыл бұрын жазса да, өзектілігін жойған емес.
– Жаңа спектакль қызықты. Қойылымда ерекшелік те жоқ емес.

Әспет Әбдірешова