Білім

Білім беруді лицензиялаудағы жаңалық



 

Білім беру мекемелерін лицензиялау жүйесі біршама жеңілдеп отыр. Бұрындары жаңа мамандық ашу үшін бір томдық құжат жинау керек болатын. Жаңашылдық қағаз машақатынан ғана емес, аса қымбат уақыт жұмсаудан да босатып отыр. Ол үшін бар болғаны ғаламтор қажет.

 Ерлан Әбділдинов, СҚО білім саласын бақылау департаментінің директоры:
– Лицензиялау туралы ҚР заңының 3-ші бабына сәйкес электрондық лицензия мен қағаз лицензия бірдей болып саналады.

Бар үрдіс электрондық үкімет беті арқылы орындалады. Білім саласының мамандары жаңа әдістің тиімділігі мол дейді. Біріншіден, өтініш беруші бірден тіркеліп, 15 күннің ішінде жауабын алады. Барлық қажетті ақпарат бір жерде тоғыстырылған.

Ерлан Әбділдинов, СҚО білім саласын бақылау департаментінің директоры:
Екіншіден, электрондық лицензия жоғалмайды, бүлінбейді. Үшіншіден, нотариус арқылы растаудың қажеті жоқ. Төртіншіден, білім беру қызметін тұтынушылар оқу мекемесі лицензиясының бар-жоғын электрондық үкімет сайтынан біледі.  

Бастысы – мемлекет қазынасынан бөлінетін қаражат үнемделеді. Пилоттық жоба мамырдың бірінен өңіріміздің білім жүйесіне толығымен енгізілді.

Жеңіс Ермұқанов