Туризм

Туристік форум



 

Форумға қатысушылар алдымен фотокөрмені тамашалды. Мұнда қонақтардың назарына 250-ден астам сурет ұсынылды. Туындылардан өңірдегі туристік мүмкіндіктерді байқауға болады.
Дәл осы жерде солтүстікқазақстандықтар қолөнер шеберлерінің еңбектеріне де тәнті болып, шеберлік сыныбына қатыса алды.

Ирина Мартыненко, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы туризм және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы:
ұндай форум студенттер мен туристік агенттіктерге ғана емес, сондай-ақ өзге де азаматтарға маңызды деп ойлаймын. Өйткені олар мұнда туристік бағыттармен танысып, қай туристік агенттіктің қызметіне жүгінуге болатынын біле алады.

Осыған дейін жарияланған жобалар байқауының қорытындылары да форумда белгілі болды. «Үздік экскурсиялық бағыт» аталымында Дарья Мальцеваның жұмысы жеңіске жетті. Студент жобаны қазылар алқасына ұсынар алдында 2,5 ай ізденген көрінеді.

Дарья Мальцева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
Университеттің тарихы талапкерге қызықты болады деп осы бағытта зерттеу жүргіздік. Деректер аз болғандықтан қиынға соқты. Дегенмен профессорлармен, доценттермен жүздесіп, олардан да бірқатар құнды мағлұмат алдық.

Жиында 5 туристік агенттіктің таныстырылымы өтті. Форумға қатысушылар слайд арқылы олардың экскурсиялық бағыттарын көре алды. Бұл шараға «Евразия IN» туристік фирмасы белсене қатысты. 10 жыл жемісті еңбек атқарып келетін мекеменің қызметіне 20 мыңнан астам азамат жүгініп үлгерген.

Ардақ Башықова, «Евразия IN» ЖШС директоры:
Біздің фирманың алдына қойған негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту. Біз облыс орталығында экскурсия жүргіземіз. Сонымен бірге «Астана- Еуразияның жүрегі» атты туристік бағытымыз бар. Бүгін қонақтарды қызметімізбен барынша таныстырдық.

 

Айдана Демесінова