Мәдениет

Қолөнершілер жиыны



 

Жиынға қатысушылар алдымен қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалай алды. Бұл жерде он саусағынан өнері тамған 50-ден астам шебердің туындыларын көруге болады. Ағаштан, тастан, матадан жасалған бұйымдардың әрқайсысының жасалу әдісі ерекше.

Сағындық Салмұрзин, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы:
– Этникалық бірлестіктердің қолөнер бұйымдарын әкеліп көрсетуі тегіннен емес. Тақырып-бірлігіміз, татулығымызды сақтау.

Раушан Қанғожина көрмеге Қызылжар ауданынан келіпті. Шебер 50 жылдан астам уақыт бойы тігіншілікпен айналысып, құрақ көрпелерді ұлттық нақыштағы түрлі ою-өрнектермен әсемдеуде.

  Раушан Қанғожина:
– Мынау менің 13 жасымда тіккен ине шаншатыным.   Ерікшелігі бар деп ойлаймын өзгелерден. Бәрін тігемін, жұрттың қызығушылықтары бар.

Қолөнерді дамыту мәселесі бұдан соң дөңгелек үстел барысында кеңірек талқыланды. Көркемсурет лицейінің оқытушысы Вера Имашбаева аталмыш бағытты жандандыру үшін шағын кәсіпорындар ашу қажет дейді. Бұл қолөнер шеберлерінің жұмысына жаңа серпін бермек.

Вера Имашбаева, «Клуб ЮНЕСКО» көркемсурет лицейінің оқытушысы:
– Әр азамат біздің ортақ байлығымыз – қолөнерді сақтап, жандандыруға жауапты. Қазіргі таңда біздің өңірімізде киіз басумен айналысатын және ағаш кесу арқылы бұйымдар жасайтын шеберлер саусақпен санарлықтай. Сондықтан осы мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз қажет.

Сондай-ақ жиында осы бағытты дамытудағы этно-мәдени бірлестіктіктердің рөлі де сөз болды.

Инеш Шоқақова