Қоғам

Әскери қызметтегі жаңалықтар


 

Елбасының биылғы Жолдауында адами капиталдың сапалық өсуіне айрықша мән берілген болатын. Осыған байланысты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейін көтеруге ерекше назар аударылуда. Үстіміздегі жылы қабылданған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң да кадрлық әлеуетті жетілдіруді көздейді. Жаңа жүйе бойынша запастағы офицерлер әскери қызмет атқарғылары келсе, қорғаныс істері жөніндегі органдарға түйіндемелерін жолдай алады.

Сағындық Сүлейменов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
– Қазіргі уақытта жас адамдар, 35 жасқа дейінгі офицерлер,  лейтенант және аға лейтенант запастағы әскер қатарына шақырылу мүмкіндігіне ие. Келіп келісімшарт жасай алады.  Оларға көп қолдау жасалады.

2005 жылдан бері жоғары оқу орындарының жанындағы әскери кафедраны бітіруші түлектерге «лейтенант» әскери атағын беру тоқтатылған болатын. Биылдан бастап бұл жүйе қайта қалпына келтірілді.

Сағындық Сүлейменов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
– Әскери кафедраны бітірген түлектердің де мүмкіншілігі болады. Ең бірінші қарайтын ол денсаулық, жоғары білім және қылмыстық жауапқа  тартылмаған болуы тиіс.

Мамырдың 29-ы күні СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде запастағы офицерлер мен әскери кафедралардың түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтпек.

Инеш Шоқақова