Білім

Кәсіптік оқытуды жаңғырту


 

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1500-ден астам студент   түрлі кәсіптің қыр-сырын меңгеруде.

Алма Хұсаинова, СҚО білім басқармасының бөлім бастығы:
– Бұл республикадаға ең үздік оқу орындарының бірі.
Жалпы облысты 32 кәсіптік білім беру мекемесі бар. Оларда 17 500 студент 93 мамандық бойынша білім алуда.

Студенттердің сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болуы – жүйелі құрылған оқу-әдістемелік бағдарламаға тікелей қатысты. Сондықтан кездесуге жиылған кәсіптік білім беру мекемелерінің ұстаздары оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

Ерқат Мұқажанов, Талдықорған политехникалық колледжі директорының орынбасары:
Біздің колледж электрондық жүйе бойынша оқытуға көшкен алғашқы оқу орындарының бірі. Сонымен қатар студенттерді қашықтан оқыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінеді.

Жиында түрлі оқу орындарының өкілдері өздерінің білім ошақтарында енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен бөлісіп, олардың тиімділігіне тоқталды. Пленумның қорытындысы мен қабылданған шешімдер ертең белгілі болмақ.

Инеш Шоқақова