Балалар

Жемқорлықпен күреске студенттер де атсалысады



 

Мамырдың 3-нен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық қозғалыстың жалпы республикалық ақпараттық-насихат науқаны бастау алды. Оның мақсаты – мемлекетіміздің дамуына тосқауыл болатын жемқорлықтың тамырына балта шабу. Бұл бағытта өңірімізде де қыруар жұмыс тындырылып жатыр. Бүгінгі өткізіліп жатқан пікір алмасу да осының айғағы.

 Данияр Әбутәліпов, “Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
-Негізгі мақсатымыз осы дискуссиялық клубта мұғалімдер мен студенттер  сұрақ қойып, осы мәселеге нақты фактілер, мүмкін оқу процесіне кедергі жасап жатқан осындай оқиғаларды шешу үшін немесе алдын алу үшін өткізіп жатырмыз .

Шараға үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері, нұротандықтар мен жасотандықтар, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары қатысты.

Әділбек Шәріпов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
-Шағын зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде университет маңында курстық, дипломдық жұмыстарды даярлап сататын 5 орынды анықтадым. Меніңше мұндай қызмет көрсетілмеуі тиіс. Өйткені студент маңызды жұмысты жазу үшін өзі ізденуі керек.

Шара барысында жиылғандардың бірқатары қоғамдық індетпен күресудің тиімді жолдарын ұсынды.

 Сергей Худяков, СҚО Азаматтық альянс қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы:
-Жемқорлықтың алдын алу үшін азаматтық ұйымдарға негізгі 3 шара қолдануға болады. Оның алғашқысы мұндайа жол бермейтін заңның сақталуын қадағалау. Дұрыс тәрбие беруді қамтамасыз ету. Яғни балаға жастайынан жемқорлықтың зиянын айтып түсіндіру. Үшіншісі мұндай қылмыстардың дер кезінде анықталуына септесу.

Кездесуге келгендер өзара пікір алмасып, бір-біріне тақырыпқа қатысты сауалдарын жолдады.

Айдана Демесінова