Құқық қорғау органдары

Қоғамдық орындарда қылмыс көбейді

Жиында қаралған алғашқы мәселе – кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында жасалатын қылмыс жайлы болды. Үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында облысымызда мұндай 43 факті тіркеліпті. Заңбұзушылықтардың дені ащы су кесірінен жасалған екен.

Раушан Қожахметова, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:
– 2012 жылдың 1-тоқсанында жеткіншектер арасында орын алған қылмыстың 13-і алкогольдік ішімдіктің салдарынан болған. Заңға қайшы әрекеттерге баратын кәмелеттік жасқа толмағандардың көбі тұрмысы төмен жанұялардан шыққандар.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы жалпы қылмыстың саны 35 пайызға, оның ішінде ауыр түрі 24 пайызға артып кеткен. Әсіресе қоғамдық жерлерде жасалатын қылмыстардың көбейгені байқалып отыр. Үйлестіру кеңесінде мемлекет пайдасына айыппұлдарды өндіріп алу жайы да сөз болды.

 Ербол Торсықбаев, облыстық прокуратура бсқармасының аға прокуроры:
-Статистикалық мәліметтер бойынша айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші төмен деңгейде қалып отыр. Жылдың басынан атқарушы органдарда 38 мыңнан астам құжат жатқан. Бұл құжатқа сәйкес 3,5 млрд теңгеден астам қаржы мемлекетке пайдасына түсуі тиіс болатын. Дегенмен бұл соманың 9 пайызы ғана, яғни 318 млн тг ғана төленді.

Бұл мәселені шешу үшін прокурорлар мемлекеттік органдармен бірлесіп «Бюджеттің толығуы – тұрақтылықтың кепілі» акциясын өткізуді ұсынып отыр.  Жиын барысында темір тордың ар жағында есірткі заттарының таралуымен күрес мәселесі де қаралды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмысқа оң баға берілді.

Айдана Демесінова