Билік

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы


 

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы тек инфрақұрылымды жақсартуды ғана емес, тұрғындардың тұрмыс жағдайын оңалтуға да бағытталған. Аталмыш жобаға 1 жарым млн тұрғыны бар 27 қала еніп отыр. Бұл елдегі қала тұрғындарының 16 пайызы. Бағдарлама екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Жобаның арқасында елдегі кәсіпорындардың санын арттырып, жұмыссыздық көрсеткішін 5 пайызға төмендету көзделуде. Алдағы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 38,2 млрд теңге қаражат бөлінетін болады. Бағдарламаның жобасы премьер-министр тарапынан қолдау тапты. Енді өңірлер шағын қалаларды дамыту бойынша жоба әзірлеп, Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынбақ. Облыс әкімі өңірдегі қалалардың бұл бағдарламаға кірмегендігіне қарамастан, инфрақұрылымды жақсартуды әрдайым назарда ұстау қажеттігін атап өтті.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Шағын қалалар мен елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табуы тиіс. Жолдар, телефон байланысы, медициналық қызмет көрсету мәселелерін жұмыс тәртібінде қарастырамыз. Әсіресе, Петропавл, Булаево, Сергеевка, Тайынша, Мамлют қалаларындағы әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлу керек.

Инеш Шоқақова