Балалар

ҚР мемлекеттік рәміздеріне – 20 жыл

 

 

Бүгінгі шара мемлекеттік рәміздерді жастарға насихаттап, оқушыларды өз елінің  патриоты болуға тәрбиелеуге бағытталып отыр. Мерекелік жиынға мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушылары және белсенді жастар атсалысты. Алдымен оқушылар мемлекеттік нышандар жайында бейнетүсірілім көріп, Ту, Елтаңба, Әнұранға қатысты білімдері сыналған “Мен кіммін?” ойына қатысты.

Қуаныш Жоламан, “Парасат” мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы:
– Бұл біздің мемлекетіміздің болашағы.
Елімізге келген жұртты таныстыруға көмегі зор деп айтуға болады. Біз мемлекеттік рәміздер туралы көп мағлұмат алдық.

Мемлекеттік рәміздер – Республиканың тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Әр елдің азаматы мемлекеттік нышандарды құрметтеп, қадірлеуі тиіс. Бүгінгі шарада оқушыларға Ту, Елтаңба, Әнұран жайында неғұрлым көбірек ақпарат беруді көздедік дейді ұйымдастырушылар.

Махаббат Исимбаева, “Әлеуметтік жоба” жастар қоғамдық қоры:
Шара «Болашақ бүгіннен басталады» акциясы аясында өтуде. Біз жастар қоры тренинг және ойын өткіземіз балалармен. Барлық тақырыптар мемлекеттік рәміздерге қатысты болады.  

Дәл осындай ақпараттық кездесу Есіл ауданының Покровка, Явленка ауылдарында жалғаспақ.

Гүлбану Ахметова