Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір басшысының Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарына жұмыс сапары


 

Өңір жетекшісі сапарын Уәлиханов ауданына қарасты “Агрофирма Қызылту-Нан” ЖШС егінжайын аралаудан бастады.

Кәрібай Дұсырыпов, “Агрофирма Қызылту-Нан” ЖШС директоры:

75 мың себеміз. 1 мыңы майлы дақылдар, 60 мың бидай. Рапсты 5 мыңдай, бидайды да 5 мыңдай сеуіп тастадық. 2,3 июньде бітіреміз. Жанар май бәрі бар.  

Сондай-ақ өңір басшысы “Қызылту астық” серіктестігінің алқаптарымен де танысты. Бүгінде 24 мың га егістіктің 10 пайызына дән сіңіріліпті. Жаздың алғашқы айына дейін жоспар толығымен тындырылады деп сендірді шаруашылық басшысы. Кейін облыс әкімі аудан диқандарымен жүздесті.

Қадыр Мәжитов, “Баско” ЖШС директоры:
12 мың Га жерге егеміз, 1200 тонна тұқым дәріледік. Егістікте 3 “Джондир” кешені жүр. 2 трактор жер дайындайды. Бүгінде 2 мың Га ектік, 3,5 мың Га жер дайындадық.

Амантай Мәліков, “Үзбай” ШҚ басшысы:
Биыл жаңа комплекс алдым. 2 мың Га жерім бар. 1800 себемін қалғанын парға қалдыртым. Жанар май бар, тұқым 2-ші класты, жақсы егін аламыз деп ойлаймын.

Бұдан соң Серік Біләлов “Сыбаға” бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып қалған шағын мал шаруашылықтарын аралады. Ақтүйесай ауылдық округінің жайылымында бағылып жүрген ірі қара табыны үш адамның иелігінде. Әрбірі 2,5 млн. теңгеден жеңілдетілген несие алыпты. Төрт түлігін сайлап, енді жылқы ұстасақ дейді.

Мұхамед Тілеубердин , “Төрт түлік” ФШ басшысы:
Біз жылқы шаруашылығымен айналысқанды дұрыс көреміз. «Сыбағадан» бізге бір көмек болса дейміз. Нарықта қара малдан жылқының бағасы қымбаттау. 12 ай бойы далада жүреді. Жайылым жетеді.  

Өңір жетекшісі Кішкенекөл ауылының абаттандыру жұмыстарын да байқады. Аудан орталығында “Пирамида” саябағы салынып жатыр. Демалыс орнының құрылысына жергілікті басшылық пен кәсіпкерлер 1 млн.700 мың теңге бөліпті. Бірлескен жоба маусым айында ауылдықтардың игілігіне берілмек.
Кейін облыс әкімі Ақжар ауданына аялдады. Биылғы егіс жұмыстарында аудан бойынша 186 мың га-ға дәнді дақыл себілмек. Оның 170 мыңы бидай. Алқаптарды игеруге шыққан 85 жоғары өнімді кешен күніне 12 мың га жүріп өтеді екен.

Сарыбай Мұқышев, “Агротехника-Ақжар” ЖШС диреторы:
15 мың Га себеміз. 5 комплекс күніне 850 Га істейді. 15-20 күнде бітіреміз. Ылғал жақсы, 98 мм. 18-20 центнер аламыз деп отырмыз.  

Ал жекелеген алқаптарда ылғал тапшы. Ондағы ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бүгінгі қорды сақтап қалуда технологиялық үрдістерге сенім артып отыр.

Марк Эльперин, “Богви” ЖШС технологы:
Биылғы қыс қарға сараң болды. Оған қоса жел үрлеп топырақ кеуіп қалды. Ылғалды жабуды кешіктіруге болмайды. Әсіресе доңғалақты соқаларды азырақ қолданған жөн. Егіп болған соң, алқапты бірден бораналап тегістеу қажет. Осы мақсатта бірнеше ауысыммен тәулік бойы жұмыс жасап жатырмыз.

Бұл үрдісті “Лұқбанов” ЖШС басшысы қатаң сақтайтындығын айтады. Бар жұмысты кестеден бұрын тындыруға талпынып жатыр. Шаруашылықтың бар техникасы танап басында. Тұқым толығымен өңделіп, дәріленіп қойылыпты. Бүгінде жоспардың 3/1 орындалған.

Мұхамеджан Лұқбанов, “Лұқбанов” ЖШС директоры:
Биыл 3 мың Га бидай себеміз. 16 мамырда бастап, бүгінде 1 мың га сеуіп тастадық. 25-28 бітіреміз. Себуден кейін бірден бораналаймыз.

Облыс әкімі Ақжар ауданына сапары барысында Талшық орта мектебіне соғып, түлектермен тілдесті. Білім ошағының жылыжайымен танысты.
“Бекет” ШҚ ауданда бірінші болып асыл тұқымды алабота сиырларын бағып-күтуді қолға алыпты. Серік Біләлов Қостанай өңірінен келген 72 бас зеңгі баба төлдерінің күйін байқап көрді. 2 жылдық торпақ 500 келіден астам салмақ жинайды екен.

 Марат Шапенов, “Бекет” ШҚ басшысы:
“Шарлей” мен “Герефорд” қосылып ақбастан алынған асыл тұқымды. Келешекте тағы да 200 бас әкелетін ойымыз бар. Біздің жаққа тұрақты малдар.

Тайынша ауданына жасаған сапарын өңір басшысы мал шаруашықтарын аралаудан бастады. “Племзавод Алабота ” ЖШС 5 мың ірі қараға шақталған кешен тұрғызып жатыр.

Төлеген Қоныспаев, “Племзавод Алабота ” ЖШС менеджері:
Бар жері 50 Га. Аналыққа 10 қора, малдың тамағын сақтайтын жер салынады. Қазір 3600 бас малымыз бар. 1320 бұзау арасында Герефорд бұзаулары 800 бас.  

Мұндағы қазақтың ақ бас сиырлары мен Герефорд етті ірі қара ерекше күтімді талап етеді.

Антон Малиновский, “Племзавод Алабота ” ЖШС бас зоотехнигі:
Үлкен шаруашылық болғасын алдымен малдың тұқымын толықтай зерттеп таңдау керек. Герефорд қазақтың ақ басына ұқсас. Сондықтан таңдау соған түсті. Өңіріміздің қатал климатына тез бейімделіп кетеді. Салмақ қосуы да жаман емес.

Облыс әкімі сондай-ақ “Данияр бидай” ЖШС пластикалық терезе әзірлеу цехына соқты. Келденбек Жақыпов кәсіпкерлікке қоса жер өңдеп, мал ұстайды.

Келденбек Жақыпов, “Данияр бидай” ЖШС директоры:
5 мың га егістік алқабым бар. Мал фермамда бүгінде 550 қазақтың ақ бас сиырларын ұстаймын. Биыл 96 төл алдым.

Мына 7 текше метрлік бөшкеде тыңайтқыштардың 6 түрі араластырылады. “Агрофирма – Эксимнан” серіктестігінің дәрілеу құрылғысына өңір жетекшісі оң бағасын берді.
“Астық-Стем” ЖШС директоры Сергей Звольский 3 жыл бұрын шаруашылығына израильдік тамшылатып суару технологиясын ендіріпті. 20 га көкөніс алқабын бүгінде 130 га жеткізген.

 Сергей Зволский, «Астық-Стем» ЖШС директоры:
Сәбіздің 1 гектарынан кемінде 90 тонна өнім алуды көздеп отырмын. Картоп пен пияздың гектар берекелігін 50 тоннаға дейін жеткізу межеленді. Шетелдік технология қымбат болғанымен, өзін артығымен ақтайды.

Сапарын қорытындылаған облыс әкімі науқанды кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Жеңіс Ермұқанов