Спорт

Футболдан қалалық турнир

Ойын алаңына бірінші болып қазақ-түрік лицейі мен қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары шықты. Екі команданың ойыншылары тартысты ойын көрсетті.

Әлихан Мақсұт, қазақ мектеп-гимназиясы құрамасының капитаны:
– Біз жаңа қазақ-түрік лицейімен ойнадық. Ойын өте қиын болды. Ойынымыз 2:2-мен аяқталды. Біздің дайындықтарымыз өте жақсы. Күнде-күнде жаттығуға барамыз.

Жалпы бұл мектепте осындай кездесулер өткізу игі дәстүрге айналыпты. Биылғы турнир осымен 8-ші рет ұйымдастырылған.

Уәлихан Жақыпов, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
– Бүгін қазақ мектептерінің арасындағы кезекті сегізінші мәрте футбол жарысын өткізіп отырмыз. Жарысымыз ҚР Қарулы күштерінің 20 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналып отыр. Және кезекті жазғы олимпиада өтуінің кезегі келіп отыр. Осы мерекелерімізге арнап 8 команда жинап отырмыз.

7 сынып оқушысы Бексұлтан Салдауовтың доп теуіп жүргеніне 3 жыл болыпты. Салауатты өмір салтын сақтауда футбол ойынының берері мол дейді жас жеткіншек.

Бексұлтан Салдауов, Қожаберген жырау атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы:
-Футболдың маған ұнайтыны, ол физикалық форма береді. Және де аяқты күшейтеді. Біз командамен жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймыз.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орын калалық классикалық гимназия оқушыларына бұйырса, қазақ-түрік лицейінің шәкірттері  екінші орыннан көрінді. Ал қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары үшінші орынды місе тұтты.

Әспет Әбдірешова