Қайырымдылық

Еске алу қабырғасына қаржы қажет


 

Дәл осы жерде кеңес өкіметі тұсында ішкі істер министрлігі мен халық комиссариатының ғимараттары болған екен. Соңғысының 4 түрме камерасы да осы маңда жайғасса керек. Мұндай тарихы бар аумақта «Память» қоғамдық қорының төрағасы Болат Сағындықов мемориалдық кешен құруды мақсат еткен. Әзірге бұл маңда репрессияға ұшырағандарға арналған ескерткіш бой көтерген. Ал бүгінгі таңда саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш қабырға салынып жатыр.

 Болат Сағындықов, «Память» қоғмдық қорының төрағасы:
-Бұл біздің бүгінгі азаматтық борышымыз. Аталарымыздың, әкелеріміздің, аналарымыздың аруақтарының алдындағы борышымыз . Олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін осы қабырға салынып жатыр.

Естелік тақтасына солақай саясаттың құрбанына айналған 6800-ден астам азаматтың есімі қашалып жазылмақ. Қабырғаның жоспарын жасағанда елімізге қоныс аударып келгендер мен ашаршылықтан азап шеккендер де елеусіз қалмапты.

 Болат Сағындықов, «Память» қоғмдық қорының төрағасы:
– Стелада үлкен тақта болады. Соның 1 жағында біздің облысқа 30-40 жылдары жер ауып келген, департацияға іліккен басқа ұлттар мен ұлт өкілдерінің 134 мыңнан астам адамы біздің облысқа келген, сол адамдарды ескерткіш ретінде соған тақта орнатылады. Біздің облыста а дқырғынға ұшыраған аштықтан көп, соларды есте қалдыру үшін, ұрпақтарға тәрбиелік мәні болу үшін сол араға тағы тақта қойылады.

Бастапқыда ескерткіш қабырғаның ұзындығы 56 метр болады деп жоспарланған. Алайда мұнда тегі жазылатын азаматтар санының көптігінен, кейін тағы да 3 метр 20 см қосылатын болып шешілді. Ескерткіш қабырғаға  287 қара мәрмәр тақта орнатылады. Олардың әрбіріне 26 адамның тегі сияды екен. Мәр-мәр тақталар Алматы қаласынан жеткізілген.

 Виктор Любимов, «Любимов» ЖК директоры:
– Жұмыс сапарымен Алматыға барып, арнайы тапсырыс бердім. Бұл тақталардың сапасы жоғары. Мұндағы әріптер американдық станокта терілген.  

Ескерткіш тақтаның бой көтеруіне 20 млн теңге қажет. Құрылыстың аяқталуына 13 млн теңгеге жуық қаржы жетпей жатқан көрінеді. Сондықтан бар үміт қабырғаның маңызын түсініп, оның салынуына үлес қосамын деген жомарт жандарға артылып отыр.

Айдана Демесінова