Экологиялық акция

Балалар

14:20 21 Мамыр 2012

 

Экологиялық акцияға Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің, №1 және №2 кәсіптік лицейлердің студенттері қатысты. Игі шараға барлығы 40-қа жуық студент шықты. Жиылғандар «Жеңіс» саябағынан 20-шы шағын ауданға дейінгі аумақтағы Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан арылтты.

Наталья Гусева,  «Жастар салауатты өмір салты үшін» ЖҚБ төрайымы:
– Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны тазарту және бұл бағытта жастардың белсенділігін арттыру. Шарада еңбекқорлығымен көзге түскен жеткіншектер марапатқа ие болады.

Есіл бойы шынылармен, полиэтилен өнімдерімен және өзге де қалдықтармен ластанған. Бұл маңды тазалап, ретке келтіруге шыққандардың қатарында Алексей Наташин да бар

Алексей Наташин, №2 кәсіптік лицейдің студенті:
-Жастардың осы сынды шараларға белсенді қатысқаны маңызды. Өйткені қаламызды таза ұстау – парызымыз. Достармен серуендегенде қоршаған ортаны қоқыспен ластамай, жинап жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Жақын арада белсенді жастар ауласын таза ұстамайтын тұрғындармен және пәтер иелері кооперативінің төрағаларымен кездесуді жоспарлап отыр. Ондағы мақсат – қоқысқа арналған контейнерлерді орнатып, ауланы таза ұстауға шақыру.

Айдана Демесінова

Бұдан әрі оқыңыз

NewLife орталығының ерекшелігі
Стартапшылардың байқауы өтті