Қоғам

Іскер әйелдер форумы

 

  
Қоғамның қай саласында болмасын әйелдер қауымы ерлермен тең дәрежеде иық тіресіп, еңбек етіп жүргені жасырын емес. Отбасында аяулы жар, мейірімді ана, ал жұмысына келгенде өте тиянақты әрі білгір маман ретінде танылған нәзік жандар да бүгінде аз емес. Олардың бәрін өмірде әрқашан белсенді болу ұстанымы біріктіреді. Облыста осымен 2-ші  рет ұйымдастырылған форумға бұл жолы мұндай 200-ден астам іскер әйел қатысты.

  Виктор Редин,  Қызылжар ауданының әкімі:
Әйел адамның қоғамда алар орны ерекше. Олар қай салада болмасын белсенді еңбек етіп жүр. Жылдан-жылға өңір әйелдерінің саяси өмірдегі орны да артып отыр.  

Кәсіпкерлікті жолға қойып, ісін дөңгелетіп жүргендердің бірі – Орынбасар Ысқақова. Осыдан бес жыл бұрын “Даму” бағдарламасы бойынша несие алған ол өз наубайханасын ашқан. Бүгінде аталмыш нысан ауданның тоғыз елді мекенін өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған көрінеді.

 Орынбасар Ысқақова, жеке кәсіпкер, Ақжар ауданы:
Кәсіпкерлікті 1991 жылдан бастағанмын. Қазір бізде 98 адам жұмыс істейді. Бүгінгі өтіп жатқан әйелдер форумы керек нәрсе. Мекемемізде 70 пайызы – әйелдер.

Биыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына – 15 жыл. Бүгінде осы ұйымға енген әрбір жанның еңбегі айтуға тұрарлық. Өз істерінде асқан белсенділік танытып, еңбектері жоғары бағаланған нәзік жандар бүгін алғыс хаттармен марапатталды.

Әспет Әбдірешова