Мәдениет

«Роза ветров» фестивалі



«Роза ветров» фестивалі Ресейде 18 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биыл алғаш рет өнер додасы қазақ жерінде ұйымдастырылып отыр.

Наталья Рябова,  «Роза ветров» АРТ фестивалі» балалар қайырымдылық қорының бас директоры:
Игі дәстүрге айналған байқауды Қазақстанда ұйымдастырып отырмыз. Осылайша қазақ халқының мәдениетімен жақсылап танысамыз деген ойдамын. Алдағы уақытта да осылай бірігіп, байқау ұйымдастырмақпыз.  

Фестиваль 300-ге жуық өнерлі жастың басын қосты. Олардың ішінде көршілес Ресей елінен келгендер де баршылық. «До-ми-солька» тобы Новосібір облысындағы Бердск қаласының намысын қорғауда.

Көп дайындалдық, барлық қатысушыларға сәттілік тілегім келеді.
Біз жеңіске жетеміз деген үміттеміз. Бүгін “Оранжевое солнце” әнін орындаймыз. Бұл әнді барлығы да біледі.

Байқауға қатысушылар «Хореография», «Вокал» және «Түрлі аспапта орындаушылар» аталымдары бойынша бағын сынамақ. “Хореография” номинациясы бойынша 180 адам бәсекеге түсуде.    
Байқау бағдарламасы 4 күнге жоспарланған.

Айдана Демесінова