Аптадағы маңызды жаңалықтар

Кәсіпкерлікті қолдау шарасы


Жұмыс тобы  құрамында – облыстық ведомстволар мен қаржы ұйымдарының өкілдері. «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы облыста табысты жүзеге асырылуда. Алайда Шал ақын ауданының кәсіпкерлері жеңілдетілген несие алуға онша құлшыныс танытпай отыр. Өткен жылы не бары төрт кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның төртінші бағытына қатысуға өтініш білдіріпті. Аудан әкімі Қуандық Тнеевтің айтуынша, оның себебі ауылдықтардың жеткілікті түрде ақпарат алмауынан.

Сондықтан кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын түсіндіру үшін арнайы құрылған топ өз кездесулерін осы ауданнан бастап, ұлттық жобаның басым бағыттарымен таныстырды.

Ольга Цымбалюк, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы:

Басымдыққа ие секторлар: агроөнеркәсіп кешені, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы. 

Ауыл кәсіпкерлері де негізінен мал  шаруашылығы және егіншілікпен айналысады. Мал тұқымын асылдандыру үшін облыста «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл оған 35 солтүстікқазақстандық қатысуда. Сонымен қатар көктемгі егіс науқанына да қолдау көрсетілуде.  

Зейнеп Рахымбекова, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ СҚОФ директоры:

–  “Сыбаға” бағдарламасы бойынша не бары  6 пайызбен 7 жылға 18 млн теңгеге дейін  несие беріледі. Көктемгі егіс жұмыстарына –  12 пайызбен  2 жылға 3 млн.теңгеге дейін несие алуға болады. Шағын бизнес бойынша –  1 млн., 9,5 пайызбен  3 жылға. Барлық бағдарламалар бойынша  жеңілдік  мерзімі қарастырылған. Мәселен,  “Сыбағаныңжеңілдік мерзімі – 2 жыл.

Асхат Ертаев бұған дейін екі рет шаруа қожалықтарын қолдау  бағдарламасына қатысқан болатын. Бүгін қосымша ақпарат алу үшін келіпті. Мемлекет көмегінің ауылда кәсіпкерлікті дамытуда маңызы зор дейді ол.

Асхат Ертаев, Шал ақын ауданының кәсіпкері:

Өткен жылы –  7 млн., биыл –  5 млн. Былтыр қазақтың ақ бас сиырларын сатып алдым.  Болашақта мал басын 200-ге жеткізгім келеді.

Аудан кәсіпкерлеріне қолбайлау болып отырған бір мәселе – кепілдіктің жоқтығы. Жұмыс тобымен кездесуде бұл ретте де мемлекет көмек беретіні айтылды, несиені қайтару жөнінде мемлекет кепіл бола алады. Ауылдықтар қымбат техниканы лизингке алу шарттарымен де танысты. «ҚазАгроФинанс» өкілдерінің айтуларынша, мұндай несие үшін кепілдік талап етілмейді. Жұмыс тобы мемлекеттік бағдарламалар көмегімен бизнесті дамыту шарттары туралы басқа аудандардың ксіпкерлеріне де қажетті ақпарат береді.