Мәдениет

Жаңа жыр жинағы

Ақын, жазушы, өңіріміздің құрметті азаматы Мүтәлап Қанғожин кезекті еңбегі жалғыз бауыры Мүбәрәк ағасына деген сағынышынан туғанын айтады. Сұрапыл соғыс жылдары алдыңғы шепте жүрген жау жүрек сарбаз Псков түбіндегі шайқаста қаза тауыпты. Көп жылдардан кейін ғана із-түссіз жоғалған бауырының жауынгерлер зиратына жерленгені белгілі болған.

Мүтәлап Қанғожин,  ақын, ҚР Жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі:
-Ағамның өлген жерінен бір уыс топырақ алып келдім. Ауылға шешеміздің қасына топырақты жерлеп, кішкентай ескерткіш орнаттым. Ағамның рухы осы туған жерде деген сияқты. Бұл содан туған кітап.  

Қара өлең ұйқасының зергері “А-п-а-а” кітабында майдангерлер жаумен алысып жатқанда, “бәрі жеңіс үшін” деп еңбек еткен туған ауылының көрінісін поэзия тілімен сипаттапты.

– Елдің басынан өткен қайғысы, қасіреті, ерлігі, жеңісі, майдангерлерге, жеңіс үшін еңбек еткен ауыл азаматтарына арнадым. Бала кезімнен көргенімді, білгенімді кейіннен зердемнен өткізіп жаздым.

Мәдениет қайраткерінің ішкі жан сыры тербелген ұйқасты шумақтар жинағының алғашқы 50 данасы жарық көрді. Шежірелі өңірімізден шыққан әдебиет майталманы сырлы да сұлу жырларынан өскелең ұрпақ өнеге алатынына сенеді.

– Ерлікті көрсететін, елдікті айқындайтын жастарға үлгі боларлық кітап деп ойлаймын. Өйткені барлығы достыққа, ерлікке, егемендікке, бірлікке арналған кітап.  

Жастайынан поэзияға берілген жерлесіміз 10-н артық жыр жинақтарын шығарып үлгеген.  Қанатты сөзді қазынам деп таныған Мүталап Қанғожиннің бірқатар туындысы өзге тілдерге аударылды. 70-тің 5-уіне иек артқан журналистика ісінің үздігі мерейтойына дейін енді бір танымдық еңбегін басып шығармақшы. “Абылайдың ақ үйі” поэмасын жергілікті ақындар орысшаға тәржімалап баспаға да беріп қойыпты.

Жеңіс Ермұқанов