Спорт

«Қызылжар» жанкүйерлерін қуанта алмады



 

Ойын алма-кезек шабуылдармен,  жоғары қарқынмен бастау алған еді. Жерлестеріміз бірінші бөлімде қарсыласқа тегеурінді қарсылық көрсетті. Дегенмен қызылжарлықтардың шабуылдары зая кетті. Өздеріне берілген мүмкіндікті қолдан жіберіп алды. Сөйтіп, нысанаға көзделген алғашқы соққыны қонақтар жасады. Есепті тараздық қорғаушы Мадияр Муминов ашты.

 –Бірінші таймда біздің команда жақсы ойнады. Тараз командасы Премьерлигада ойнайды. Екі-үш реттей болды гол соғатындай кез болды, бірақ өкінішке қарай соға алмады.
Қандай қиыншылық бар екенін білмеймін. футболистердің арасында шатақ бар ма, белгісіз. Ойнауға деген көңілдері жоқ, намыстары жоқ.

Екінші таймда жергілікті аяқ доп шеберлері есені қайтарудың жолын іздестірумен болды. Қарсыластар  қақпасын торуылдап, айып алаңынан шықпай қойды. Талпыныстары нәтиже бермей, қақпа саңлауы табылмады. Ойынның 43 минутында қақпа кілті тағы ашылды. Бұл жолы да тараздық жігіттер ерледі. Өкінішке қарай кездесу соңына дейін бұл екі гол жауапсыз қалды.

 -Ойын болған соң әртүрлі сәттер болады, келесі матчтарда сәттілік тілеймін
– Ойын өте тартысты өтті.
Жерлестеріміз кубокты ала алмаса да, жақсы ойын көрсетті.

Әсел Күшенғалиева