Қоғам

Отбасы мәселелеріне арналған жиын

Үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айында отбасын құруға ниет білдірген 593жұптың  некесі тіркелген. Ал ажырасу жөнінде 340 арыз түсіпті. Некелерін бұзуға өтініш білдіргендердің дені жастар.

 Қорлан Жұмабаева, Петропавл қалалық әділет басқармасы бастығының орынбасары:
– Әркімнің себебі әр түрлі. Көбіне-көп ажырасушылар мінездеріміз сәйкес келмеді, жұбайым немесе жарым мен ойлағандай болмай шықты, менің ата-анама деген көзқарасы ұнамады деген сияқты жағдайларды мысалға келтіреді.

Дөңгелек үстел барысында отбасының бұзылуынан туындайтын мәселелер де сөз болды. «Нұр ару» гендерлік клубының мүшесі Әйгерім Исина кіші-гірім түсінбеушіліктің арты үлкен әлеуметтік проблемаға айналады дейді.

Әйгерім Исина,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Бір мәселеден екінші мәселе тууы мүмкін. Мысалы,  отбасы мүшелерінің түсініспеушілігінен ажырасу мәселелері туындауда. Одан әрі қарай бала тәрбиесі туындайды. Одан әрі оның мектептегі үлгерімі, сосын тағы тағысындай. Бүгінгі шарамыз аталып кеткен мәселелерді шешуде өзіндік бір септігін тигізеді деген ойдамын.

Көп жағдайда отбасындағы кикілжіңдердің салдары ерлі-зайыптылардың бір-біріне ауыр сөз айтып, қол көтеруге дейін баруымен аяқталады. Негізінен мұндай келіспеушіліктен әйелдер  зардап шегеді.

  Лариса Петрова, Петропавл қалалық ІІБ әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы:
– Үстіміздегі жылдың өткен кезеңі бойынша барлық қылмыстардың ішінде әйелдерге қатыстысының үлесі 52 пайызды құрады. Сонымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне байланысты шағымданған азаматтардың да саны артқан.  

Жиын барысында отбасы мәселесіне қатысты өзге де сұрақтар қойылды. Әсіресе жастарды электронды үкімет арқылы некені тіркеу мүкіндіктері қызықтырды. Биыл осындай жаңа жүйенің көмегімен 32 жұп некеге тұруға арыз беріпті.

Әспет Әбдірешова