Құқық қорғау органдары

«Нелегал» шарасы


 

 Көші-қон полицейлері шетелдіктер шоғырланатын орындарды, облысымыздың базарлары мен вокзалдарын, шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдаланатын құрылыс объектілерін және ойын-сауық   орындарын тексеру үстінде. Полицейлер транзиттік автокөлік құралдарына, әсіресе шетелдік мемлекеттік нөмірлері тағылған машиналарға баса назар аударуда.

 Бауыржан Шайзанов, СҚО ІІД заңсыз көші-қонға қарсы күрес взводының командирі:
– Басты мақсат заңсыз көші-қон жолдарына тосқауыл қою, шетелдіктер жағынан жасалатын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау. Сауда орындарына, құрылыс объектілеріне және ойын-сауық құру орындарына ерекше назар аударылып, арнайы рейдтік шаралар өткізілуде.

Транзитпен өтіп бара жатқан шетелдіктер тұратын мекен-жайлар, шағын қонақ үйлер де полицейлердің қатаң бақылауында. Бұл жерлерде Ресейге ақша табуға бара жатқан оңтүстік елдерінің азаматтарын көп кездестіруге болады.

 Өзбекстан азаматы :

збестанның Андижан облысынан Ресей Федерациясына бара жатқан едім. Бұрын да осылай шетелге шығып жұмыс істегенмін. Бірақ онда Саратовта, Пермьде болған едім. Ал Свердловскіге алғаш ре т бара жатқаным.

Ал мына Ресей азаматы кезекті рейдтік шара барысында қолға түсті. 40 жастағы ер адам Қазақстан аумағынан шығу туралы сот шешімін орындамаған екен. Ол Қазақстаннан кетуге ақша болмады деп ақталуда. Сот шешімі бойынша бұл азамат әкімшілік қамауға алынды. Енді ол жазасын өтегеннен кейін, ел аумағынан шығуға міндетті.

Ресей Федерациясының азаматы:

-Жерлес ресейліктер, егер сендер де осындай жағдайға тап болсаңдар, тіркеу құжатының мерзімін көбейтіп көріңдер. Көші-қон қызметіне жүгінсеңіздер, онда көмектеседі.  

“Нелегал” алдын алу шарасының алғашқы күнінде облыс полицейлері ҚР аумағында болу ережесін бұзған 117 шетелдікті әкімшілік жауапқа тартты. Олардың бәрі ТМД елдерінің азаматтары. Сот шешіміне сәйкес еліміздің аумағынан 5 шетелдік шығарылды. 51-нің уақытша болу мерзімдері қысқартылыпты. Оның ішінде екеуі алыс шетелдердің азаматтары болып шықты. Көші-қон полицейлерінің бұл бағыттағы күнделікті жұмыстары жалғасуда.

Айдана Демесінова