Спорт

Өңірде тұңғыш рет драг-рейсингтен жарыс өтті


 

Жарыс Петропавл-Мамлют тас жолының 10-шақырымында өтті. Автошоуды тамашалауға келген көрермендер аз емес. Жарысқа қатысуға әрбір адамның мүкіндігі бар. Ол үшін бастысы, жеке көлігің болуы қажет әрі онымен жылдам жүру керек. 402 метрлік аралықтағы спринтерлік жарыс 3 айналым бойынша өтті. Алдымен қозғалтқыш көлемі екі мың текше сантиметрге дейінгі машиналар, ал екінші болып қозғалтқышы 3 л. болатын көліктер сынға түсті. Соңғы класта кәсіби спорттық автокөліктер қатысты.

Никита Жуков, «North Rasing club” ұйымдастырушысы:
Жарысқа қатысушылардың саны бұдан да көп болады деп күткенбіз. Оның қорытындысы бойынша сыйлықтар мен кубоктар табыс етіледі. Мұнда тек   автожарыс өткізуді ғана емес, сонымен қатар оны көруге келгендерге қызықты болуын қаладық.

Бәйге алаңына алғашқы қатысушылар да шықты. Бұл додада қозғалтқышы 2 литр көлеміндегі «Марк-2», «Субару», «Тойота», «Ниссан» сынды автокөлік иелері өзара сынға түсуде. Көліктердің маркалары мен жүргізушілердің кәсіби даярлық деңгейі әр түрлі болғанымен, басты мақсат – мәреге бірінші болып келу. Ал екінші болып келгендер сайыс талабы бойынша одан шығып отырады. Евгений Федотов өз қарсыласын басып озғандардың бірі.

 Евгений Федотов, драг-рейсинг автожарысына қатысушы:
Бізде бұл спорт түрі айтарлықтай дамымаған. Жарысқа қатысып, өз бағымды сынап көруге бел будым. Көлігім де жолда қалдырмады. Әрине басында қобалжу болды, ал жарыс басталғаннан кейін тек қана жеңіске ұмтылдым.

Мәреге алғышқы болып көкшетаулық қонақ Сергей Никитин келді. Кәсіби спортшы осы сынды жарыстарға талайдан қатысып жүр екен.

Сергей Никитин, «Rasing club Kokshetau» клубының төрағасы:
Біреулер мұнда дем алу үшін келсе, біз жарысқа бар жанымызды салу арқылы жарыстың қызығына бөленеміз. Бұған дейін жеткен жетістіктерім аз емес. 2010-2011 жылдары ралли спрингтен өткен жарыстың чемпионымын.

Жарысты тамашалауға келгендер автобәйенгенің қызығына бөленіп, спортшыларға зор қошемет көрсетті. Ал әрбір мәре сызығы бағындырылған сайын арнайы ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.

Бәрі жақсы. Көңіл-күйіміз де көтеріңкі. Осындай жарыстар жиі өткізіліп тұрса екен.
Біз мұнда жарысты көруге ғана емес, қолдау көрсету үшін де келдік.

Спорттық доданы ұйымдастырушылар драг-рейсингтен келесі жарысты бір жарым айдан кейін өткізуге сөз берді.

Әспет Әбдірешова