Спорт

Екі жерлесіміз Хорватия чемпионатында өнер көрсетті

 

 

Сергей Харламов кезекті жеңісіне қол жеткізіп отыр.   Үстіміздегі жылы Дубайда жеңіл атлетикадан халықаралық мүгедек-спортшылар арасында өткен лицензиялық турнирде ол 4 метр 54 см-ге секіріп, Азия рекордын орнатқан болатын. Бұл жолы Сергей жеке көрсеткішін 4,65 метрге дейін жаңартты.

Сергей Харламов, жеңіл атлетикадан мүгедектер арасында халықаралық спорт шебері:
– Өз жетістігіме көңілім толады – екінші орыннан көріндім. Басында нашар секірдім, ал соңғы екеуінде жақсы нәтиже көрсеттім.

Барлығы 25 мемлекеттің спортшылары бақ сынаған бұл чемпионатта еліміздің намысын қорғауға екі жерлесіміз барған.

Вячеслав Латышев, облыс бойынша мүгедектер арасындағы спорттан аға жаттықтырушы:
– Жарыс халықаралық параолимпиадалық комитеттің қамқорлығымен өтті. Қазақстанның атынан 3 спортшы қатысты. Жерлестеріміздің жетістіктеріне көңіліміз толады.

Чемпионатта мүгедектерге арналған спорт арбасымен жарысудан Сергей Усольцев бақ сынады. Бұл жолы жерлесіміз қола медальді місе тұтты.

Әспет Әбдірешова