Мәдениет

Жерлестеріміз Францияда өнер көрсетеді

 

 

Өңіріміздің өнер ұжымдарына 1 айдың ішінде 1 сағаттық бағдарлама әзірлеп үлгеру керек. Онда қазақ халқының нәрестенің тууынан бастап, үйлену тойына дейінгі салттары толықтай қамтылады. 12 ұлттық би орындалады. Өйткені  “Мәдениет пен салт-дәстүр” халықаралық байқауын ұйымдастырушы жақ ұлттық ерекшеліктердің толығымен сақталуын талап етуде. Ол үшін Франция елі барынша жағдай жасамақшы. Мысалы, өткен жылы африкалықтар қойылымды түн ортасында сахналаса, қазақ делегациясы қой сұраған.

 Дәурен Ғалымов, байқауды ұйымдастырушылардың қазақстандық өкілі:
-Африкалықтар өз құдайларына сыйынып, әлемге бейбітшілік тіледі. Бұл қойылым баршамызды өзіне еріксіз баурады. Біз бағдарламадан бөлек   ұлттық тағамдар әзірлеу үшін азық-түлік сұрадық. Бізге тіпті қойға дейін әкеліп берді.  

Шетелдік байқауда қазақстандықтар ұлттық дәстүрді осымен 5-ші рет әлемге танытпақ. Барлық шығынды ұйымдастырушы жақ толығымен өз мойынына алады.

Расима Сучкова, СҚО филармониясының көркемдік жетекшісі, балетмейстер:
-Біз үлкен театрландырылған бағдарлама ұсынамыз.
Әр нөмір бір-бірімен үндесіп байланыстырылады. Қойылым соңында “Қара жорғаны” билейміз.  

Сондай-ақ, петропавлдықтар кәрі құрлыққа жергілікті шеберлер дайындаған бұйымдар мен ел тарихынан сыр шертер базарлықтарын ала бармақшы.

Жеңіс Ермұқанов