Спорт

“Ұлан” спартакиадасы


 

Әскери икемділіктерін сынауға барлығы 10 команда қатысуда. Олар Отан алдындағы борыштарын өтеуге даяр екендерін дәлелдеу үшін екі күн қатарынан көпсайыстан сыналады.

Болат Смағұлов, ҚР ІІМ ІӘ әскерлер институты тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы:

– Студенттер саптық тексеріс, азаматтық қорғаныс және дене шынықтырудан сынаққа түседі. Спартакиада соңынан жеңіпаздар анықталып, грамота, медальдар тапсырылады.

№ 2 кәсіптік лицей оқушысы Дмитрий Суслов додаға алғаш қатысып отыр. Дегенмен бөлім командирі берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындады. Жасөспірім болашақта азаматтық міндетін абыройлы атқаруға бүгіннен дайынмын дейді.

Дмитрий Суслов, №2 кәсіптік лицей құрамасынан жарысқа қатысушы:

-Әр азамат Отан алдындағы борышын өтеуі керек. Сондықтан бұндай жарыстарға қатысу біздің міндетіміз. Жарыс бізге қиынға түспейді деп ойлаймын. Өйткені жаттығулар оқу бағдарламасына енгізілген, әрдайым дайындаламыз.

Темірлан Бақытжанов спартакиадаға біраз дайындалған. Нәтижесі де жаман емес. Калашников автоматын бөлшектеп бұзып, қайта жинаудан жылдамдық пен ептілік танытты. Бірақ жарыстың басқа түрлерінде бұдан да жоғары нәтиже көрсететініне сенімді.

Темірлан Бақытжанов, «Дарын-Жасұлан» командасы құрамасынан жарысқа қатысушы:

– Мен граната атудан, тартылудан жақсы нәтиже көрсететініме сенімдімін. Жалпы бұл спартакиада әскерге дайындық деп те айтуға болады.  

Алда сайыскерлерді жалпы әскери корғаныс киімін уақытқа кию, сапта жүру дайындығы, белтемірге көтеріліп-тартылу, мың метрлік қашықтыққа жүгіру сындары күтуде. Кейін жинақталған ұпайлар бойынша жеңімпаздар анықталады.

Әсел Күшенғалиева