Құқық қорғау органдары

«Жолдағы қабылдау»



 

Жол бойында апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында жол сақшылары жүргізушілер арасында сауалнама өткізді. Сергей Высочин 32 жыл бойы көлік жүргізеді екен. Көпжылдық тәжірибесі бар көлік иесі жолда ешқандай келеңсіз жағдайға тап болып көрмегенін айтады.

Сергей Высочин, жүргізуші:
– Әрине мұндай акциялардың өткізілуі өте орынды деп санаймын. Өйткені жүргізушілердің пікірін білген артық етпейді. Жол-көлік оқиғаларының орын алуына көбіне-көп өзіміз себепші болып жатамыз. Апатты оқиғалардың болмағанын тілеймін

Аталмыш шара бүгін облыстың барлық аудандарында өткізілуде. Оның барысында жүргізушілерге жол ережелерін сақтауға үндейтін парақшалар таратылады. Жыл басынан бері облыста барлығы 109 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның кесірінен 16 адам қаза болып, 134-і жарақат алған.

Сайлаубек Мусин, СҚО ІІД ЖПБ жеке батальон командирі:
– Соңғы кездері жол апаттары жиілеп кеткеннен кейін, соны негізге алып осы акцияны өткізіп отырмыз. Ондағы мақсатымыз – тікелей жүргізушілермен кездесу арқылы олардың пікірін білуге тырысамыз, талап-тілектерін тыңдаймыз.

Мұндай акцияладың тиімділігін көлік рөлін ұстағандар да құптап отыр.

-Жолда ешқандай жағдайға тап болып көрген жоқпын. Алайда жол-көлік оқиғаларының куәгері болып жүрміз. Оның бәрі жол ережесін сақтамаудан болады.
– Мұндай акциялардың өткізілгені өте жақсы. Сауалнамаларды толтыру арқылы өз пікірімізді
білдіре алдық.

Әспет Әбдірешова