Мәдениет

Жеңіс мерекесіндегі кешкілік шаралар



 

Жеңіс мерекесін тойлаған жерлестімізге қалалық мәдениет және демалыс саябағы алдында ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының  әскери оркестрі әсем әуендер сыйлады.

Геннадий Петров, ҚР ІІМ ІӘ әскери институты оркестрінің дирижері:

-Біздің оркестр мерекелік бағдарламаның ажарын ашып, қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге ат салысудамыз. Бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғысымыз шексіз. Мәңгі-бақи батыр аталарымызды құрметтеп, ерліктерін үлгі тұтып өтеміз. Біз үшін Ұлы жеңіс мерекесіне ат салысу зор мәртебе.

Ұлы Жеңіс мерекесі кешкісін орталық алаңда жалғасын тапты. Мұндағы ашық аспан астында құрылған сахнада өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына соғыс жылдарының әндерін тарту етті. Мерекелік концертке жиылғандардың қатары қалың болды. Ер есімі – ел есінде! Тәуелсіздіктің шуақты күндерін кейінгі ұрпаққа сыйлаған батыр ардагерлерге қалалықтардың айтар алғысы мол.

Кезкелген шаңырақтан бұл соғысқа қатыспаған адам жоқ. Сондықтан бұл мереке әр жанұяға қатысты. Осы бейбіт өмірде, ашық аспанда өмір сүріп жатқанымыз – сол кісілердің арқасы. Мереке құтты болсын!
 – Отанымыз осындай тыныштық күнге жету үшін керек болған жеңіс күні. Бізде енді осындай соғыс, жаман оқиғалар болмасын. Елімізге тыныштық тілеймін.
Бүгінгі Жеңіс күнімен құттықтаймын. Ата-әжелерді құттықтаймын.

Райхан Құлжанова мамыр мерекесінде соғысқа қатысқан әкесінің рухына құран бағыштап, жеңіс күнін жыл сайын атап өтеді екен.

Райхан Құлжанова:

– Әкем Жакетов Қайырбек 1941 жылы 314-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанған. Жеңісті 1945 жылы Прагада қарсы алды.

Мерекеге жиылған жұртты ҚР ІІМ ІӘ әскери институт курсанттарының өнері таң қалдырмай қоймады. Олар карабин қаруымен солтүстікқазақстандықтарға дефиле көрсетті. Әсем ән мен тәтті күй мерекелік от шашуға ұласты.

Әсел Күшенғалиева